Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар селосынының әкімінің 19.04.2013 № 2 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторының 2013 жылғы 5 ақпандағы № 1-26/52 ұсынысының негізінде Мұғалжар селосының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мұғалжар ауданының Мұғалжар селосында құтыру ауруы ошағының анықталуына байланысты шектеу iс-шараларын енгiзе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимi белгiленсiн.
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша) осы шешiмнен туындайтын шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Мұғалжар селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Б.Нариковаға жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар селосының әкімі Ғ.Дәрімбетов