Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңестуы селолық округінің әкімінің 1.11.2013 № 24 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10–1, 27 баптарына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде Кеңестуы селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жылқы мал басының арасынан қатерлі ісік жұқпалы ауруының анықталуына байланысты Кеңестуы селолық округінің «Төлек» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын енгізіп, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
2. Кеңестуы селолық округінің бас маманы - ветеринары қатерлі ісік жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу және оны жоюдың шараларын алсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Кеңестуы
селолық округінің әкімі: С. Тұранов