Шектеу іс-шараларын енгізіп, карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңестуы селолық округінің әкімінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 19 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 9 қыркүйекте № 3645 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңестуы селолық округінің әкімінің 2013 жылғы 1 қарашадағы № 24 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңестуы селолық округінің әкімінің 1.11.2013 № 24 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10–127 баптарына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде Кеңестуы селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жылқы мал басының арасынан қатерлі ісік жұқпалы ауруының анықталуына байланысты Кеңестуы селолық округінің «Төлек» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын енгізіп, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Кеңестуы селолық округінің бас маманы - ветеринары қатерлі ісік жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу және оны жоюдың шараларын алсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

             Кеңестуы
      селолық округінің әкімі:                    С. Тұранов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады