Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің әкімінің 21.10.2014 № 1 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Хромтау ауданының мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторының 2013 жылғы 07 маусымдағы № 154/231 ұсынысы негізінде Құдықсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің Құдықсай ауылы аумағында ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің әкімінің 21.10.2014 № 1 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Құдықсай селолық округінің әкімі: | Б.Журтканов |