Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, Құдықсай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құдықсай ауылдық округінің әкімінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 1 "Шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3647 тіркелген, 2013 жылғы 19 қыркүйекте аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің Құдықсай ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы";
1 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің Құдықсай ауылы аумағында ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен соң қолданысқа енгізіледі.
Құдықсай ауылдық округінің әкімі | Н. Изтлеуов |