Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 22.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекіту туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 20 шілдедегі № 212 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-138 санымен тіркелген, 2010 жылы 8 қыркүйекте аудандық "Шалқар" газетінің № 41 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шалқар ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережелерінде:
3 тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
жекешелендірілген үй-жайларды (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
4 тармақтың бірінші абзацы келесідей редакцияда жазылсын:
тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюуы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы: |
С. Тулемисов |