Қарасай ауданында Әйтей және Жамбыл ауылдық округтерін құру туралы

Алматы облысы мәслихатының 2013 жылғы 12 сәуірдегі N 15-102 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі N112 қаулысы. Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 24 сәуірде N 2348 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3) тармақшасына, Қарасай ауданының әкімдігі мен мәслихатының пікірлерін ескере келе, Алматы облысының әкiмдiгi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Алматы облысының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қарасай ауданында Қаскелең қалалық округінің Әйтей ауылын және Үшқоңыр ауылдық округінің Еңбекші, Үштерек, Сауыншы, Құмарал ауылдарын құрамына қосу арқылы Әйтей ауылдық округі құрылсын. Әйтей ауылдық округінің орталығы болып Әйтей ауылы белгіленсін.
      2. Қарасай ауданында Жаңашамалған ауылдық округінің Батан, Қошмамбет ауылдарын және Ұмтыл ауылдық округінің Жамбыл, Ұлан ауылдарын құрамына қосу арқылы Жамбыл ауылдық округі құрылсын. Жамбыл ауылдық округінің орталығы болып Жамбыл ауылы белгіленсін.
      3. Алматы облысының статистика департаменті (Б.Төлепбаев) облыс елді мекендерінің есебі мен тіркеуіне тиісті өзгерістер енгізсін (келісім бойынша).
      4. Осы қаулы мен шешiмнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Баталовқа жүктелсiн.
      5. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облысы мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                А. Мұсаханов

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Ә. Қыстаубаев

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы                                    Е. Келемсейіт

Об образовании в Карасайском районе Айтейского и Жамбылского сельских округов

Решение маслихата Алматинской области от 12 апреля 2013 года N 15-102 и постановление акимата Алматинской области от 12 апреля 2013 года N112. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 24 апреля 2013 года N 2348

      Примечание РЦПИ:
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктом 3) статьи 11 Закона Республики Казахстан "Об административно–территориальном устройстве Республики Казахстан" от 8 декабря 1993 года, c учетом мнения акимата и маслихата Карасайского района акимат Алматинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и маслихат Алматинской области РЕШИЛ:
      1. Образовать в Карасайском районе Айтейский сельский округ путем включения в его состав села Айтей Каскеленского городского округа и сел Енбекши, Уштерек, Сауыншы, Кумарал Ушконырского сельского округа. Центром Айтейского сельского округа определить село Айтей.
      2. Образовать в Карасайском районе Жамбылский сельский округ путем включения в его состав сел Батан, Кошмамбет Новошамалганского сельского округа и сел Жамбыл, Улан Умтылского сельского округа. Центром Жамбылского сельского округа определить село Жамбыл.
      3. Департаменту статистики Алматинской области (Толепбаев Б.Т.) внести соответствующие изменения в учет и регистрацию административно-территориальных единиц области (по согласованию).
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления и решения возложить на первого заместителя акима области Баталова А.Г.
      5. Настоящее совместное постановление акимата Алматинской области и решение маслихата Алматинской области вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области                               А. Мусаханов

      Председатель сессии
      областного маслихата                       А. Кыстаубаев

      Секретарь
      областного маслихата                       Е. Келемсеит