РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3) тармақшасына, Қарасай ауданының әкімдігі мен мәслихатының пікірлерін ескере келе, Алматы облысының әкiмдiгi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Алматы облысының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасай ауданында Қаскелең қалалық округінің Әйтей ауылын және Үшқоңыр ауылдық округінің Еңбекші, Үштерек, Сауыншы, Құмарал ауылдарын құрамына қосу арқылы Әйтей ауылдық округі құрылсын. Әйтей ауылдық округінің орталығы болып Әйтей ауылы белгіленсін.
2. Қарасай ауданында Жаңашамалған ауылдық округінің Батан, Қошмамбет ауылдарын және Ұмтыл ауылдық округінің Жамбыл, Ұлан ауылдарын құрамына қосу арқылы Жамбыл ауылдық округі құрылсын. Жамбыл ауылдық округінің орталығы болып Жамбыл ауылы белгіленсін.
3. Алматы облысының статистика департаменті (Б.Төлепбаев) облыс елді мекендерінің есебі мен тіркеуіне тиісті өзгерістер енгізсін (келісім бойынша).
4. Осы қаулы мен шешiмнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Баталовқа жүктелсiн.
5. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облысы мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Мұсаханов
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы Ә. Қыстаубаев
Облыстық мәслихаттың
хатшысы Е. Келемсейіт