РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес, аудандық, қалалық өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Алматы облысының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Аксу ауданының Жансүгіров, Матай, Молалы кенттері - Жансүгіров, Матай, Молалы ауылдары, Жамбыл ауданының Үлкен кенті - Үлкен ауылы, Кербұлақ ауданының Сарыөзек кенті - Сарыөзек ауылы, Көксу ауданының Балпық би кенті - Балпық би ауылы, Райымбек ауданының Тұйық кенті - Тұйық ауылы, Сарқан ауданының Лепсі кенті - Лепсі ауылы, Текелі қаласының Рудничный кенті - Рудничный ауылы болып қайта құрылсын.
2. Ақсу ауданының Жансүгіров, Матай, Молалы кенттік округтері - Жансүгіров, Матай, Молалы ауылдық округтері, Алакөл ауданының Достық кенттік округі - Достық ауылдық округі, Ескелді ауданының Қарабұлақ кенттік округі - Қарабұлақ ауылдық округі, Жамбыл ауданының Үлкен кенттік округі - Үлкен ауылдық округі, Іле ауданының Энергетический, Первомай кенттік округтері - Энергетический, Первомай ауылдық округтері, Кербұлақ ауданының Сарыөзек кенттік округі - Сарыөзек ауылдық округі, Көксу ауданының Балпық кенттік округі - Балпық ауылдық округі, Райымбек ауданының Тұйық кенттік округі - Тұйық ауылдық округі,Сарқан ауданының Лепсі кенттік округі - Лепсі ауылдық округі, Текелі қаласының Рудничный кенттік округі - Рудничный ауылдық округі болып қайта құрылсын.
3. Іле ауданының Боралдай кенттік округі - Боралдай кенті болып қайта құрылсын.
4. Алматы облысының статистика департаменті (Бегім Төлепбаев) облыс елді мекендерінің есебі мен тіркеуіне тиісті өзгерістер енгізсін (келісім бойынша).
5. Осы шешiм мен қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Ғаббасұлы Баталовқа жүктелсiн.
6. Осы бірлескен Алматы облысы мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысы әкімінің
міндетін атқарушы А. Баталов
Облыстық мәслихат
сессиясының хатшысы Е. Келемсейіт
Облыстық мәслихаттың
хатшысы Ж. Құлахметова