Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы Қаракөз ауылдық округі әкімінің 16.10.2013 № 2 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Ақсу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2013 жылғы 04 сәуірдегі N 75 ұсынысы негізінде округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қаракөз ауылдық округінің Кеңқарын ауылында ұсақ мүйізді малдар арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізіле отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі Б.Байболов
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы Министрлігінің
ветеринарлық бақылау және
қадағалау комитетінің Ақсу
аудандық аумақтық инспекциясы
мемлекеттік мекемесінің
басшысы Келгенбаев Мұрат Даулыбайұлы
19 сәуір 2013 жыл
"Ақсу ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы Темирханов Берік Елемесұлы
19 сәуір 2013 жыл