Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданының Ақтүбек ауылдық округі әкімінің 22.11.2013 № 11 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Алакөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2013 жылғы 30 шілдедегі N 3 ұсынысы негізінде, Ақтүбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақтүбек ауылдық округінің Ақтүбек ауылында ұсақ мүйізді малдар арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізіле отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі Қ.Б. Тұрлыбеков
КЕЛІСІЛДІ:
Алакөл ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының басшысы
Алакөл ауданының Бас
мемлекеттік санитарлық
дәрігері Фурман Скендірұлы Шағайбаев
27 қыркүйек 2013 жыл
"Қазақстан Республикасының
ауыл шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Алакөл
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы Арман Маратұлы Қабаев
27 қыркүйек 2013 жыл