Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданының Жанама ауылдық округі әкімінің 26.11.2013 № 22 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Алакөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2013 жылғы 25 маусымдағы N 2 ұсынысы негізінде, Жанама ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жанама ауылдық округінің Қарабұлақ ауылында ұсақ мүйізді малдар арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізіле отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жанама ауылдық округінің бас маманы Керімбай Сәметұлы Ақтымбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімінің
міндетін атқарушы Т.Байзаков
КЕЛІСІЛДІ:
Алакөл ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының басшысы
Алакөл ауданының Бас
мемлекеттік санитарлық
дәрігері Фурман Скендірұлы Шағайбаев
26 тамыз 2013 жыл
"Қазақстан Республикасының
ауыл шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Алакөл
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы Арман Маратұлы Қабаев
26 тамыз 2013 жыл