Жанама ауылдық округінің Қарабұлақ ауылына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданының Жанама ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 26 тамыздағы N 15 шешімі. Алматы облысының әділет департаментінде 2013 жылы 23 қыркүйекте N 2450 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданының Жанама ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданының Жанама ауылдық округі әкімінің 26.11.2013 № 22 шешімімен. 
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Алакөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2013 жылғы 25 маусымдағы N 2 ұсынысы негізінде, Жанама ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жанама ауылдық округінің Қарабұлақ ауылында ұсақ мүйізді малдар арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізіле отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жанама ауылдық округінің бас маманы Керімбай Сәметұлы Ақтымбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімінің
      міндетін атқарушы                          Т.Байзаков

      КЕЛІСІЛДІ:

      Алакөл ауданы бойынша
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының басшысы
      Алакөл ауданының Бас
      мемлекеттік санитарлық
      дәрігері                                   Фурман Скендірұлы Шағайбаев
      26 тамыз 2013 жыл

      "Қазақстан Республикасының
      ауыл шаруашылығы министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Алакөл
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    Арман Маратұлы Қабаев
      26 тамыз 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады