Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 27.08.2014 № 297 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Ескелді аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды (бұдан әрі – мүгедек балалар) үйде тәрбиелеу мен оқыту шығындарын өтеу (бұдан әрі – үйде тәрбиелеуге және оқытуға көмек) әр мүгедек балаға тоқсанына сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленуі қамтамасыз етілсін.
2. Үйде тәрбиелеуге және оқытуға көмек туған, асырап алған, сонымен бірге қамқорлыққа (қорғанышылыққа) алған мүгедек балалардың және 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектердің ата- анасының біреуіне немесе оның орнындағы адамға отбасының табыстарына қарамастан, облыстық психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультацияның берген қорытындысы негізінде мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп табылған сәттен бастап бір жылға және үйде оқыту қажет деп табылған сәттен бастап каникул күндерін есептемегенде бір оқу жылына тоқсандағы өтініш білдірген күнінен бастап тағайындалады және психологиялық- медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысының мерзімінің, (МӘС) мүгедектігі туралы анықтамасының бітуіне дейін төленеді. Әлеуметтік көмек бірінші рет тағайындалған жағдайда, өтініш берілген күннен бастап төленеді.
3. Әлеуметтік көмекті тағайындауға және төлеуге уәкілетті орган болып "Ескелді ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
Үйде оқытуға көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді уәкілетті органның басшысымен арызды және барлық керекті құжаттарды қабылдаған күннен кейін он жұмыс күні ішінде қабылданады және тоқсан сайын төленеді.
4. "Ескелді ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тұрғылықты жері бойынша ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған есеп шотының нөмірі көрсетілген екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқа да мекемелер арқылы өтініші бойынша келесі құжаттарды ұсынған жағдайда жәрдемақының тағайындалып төленуін қамтамасыз етсін:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың реквизиттерін, әлеуметтік жеке кодының нөмірін (болса жеке сәйкестендіру нөмірін) көрсете отырып белгіленген үлгідегі өтінішті;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) мүгедек балалар үшін – баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
4) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесін тоқсан сайын (азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі, не мекен-жай бюросының анықтамасы);
5) мүгедектігі туралы анықтамасының көшірмесін;
6)психологиялық-медициналық педагогикалық консультацияның қорытындысы;
7) банктегі шоттың көшірмесін;
Құжаттардың көшірмелері мен салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әлібаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Манапов
КЕЛІСІЛДІ:
"Ескелді аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Есболған Есенбаевич Тұрсынбаев
23 қаңтар 2013 жыл
"Ескелді аудандық білім
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы Берік Оналбайұлы Дюсебаев
23 қаңтар 2013 жыл
"Ескелді ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы Серік Мұратұлы Әлімбаев
23 қаңтар 2013 жыл