Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 07.08.2015 № 45-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, заңдылықты құқылық тәртіпті, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың |
|
кезектен тыс 25-ші |
|
сессиясының төрағасы |
М. Далабаева |
Аудандық мәслихаттың |
|
хатшысы |
Е. Қалиев |
КЕЛІСІЛДІ: |
|
"Қарасай аудандық жұмыспен |
|
қамту және әлеуметтік |
|
бағдарламалар бөлімі" |
|
мемлекеттік мекемесінің |
|
басшысы |
Жұмағұлов Махмудбек Нүсіпбекұлы |