Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 07 тамыздағы № 45-5 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 08 қыркүйекте № 3388 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 52-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 03.03.2020 № 52-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қарасай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Қарасай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 9 желтоқсандағы "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылдың 23 желтоқсанында № 2529 тіркелген, "Заман жаршысы" аудандық газетінде 2014 жылдың 18 қаңтарында № 3 (8069) жарияланған) № 25-7 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. "Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысына (келісім бойынша М. Н. Жұмағұлов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс 45-ші сессиясының төрағасы К. Сақабаев
      Қарасай аудандық
      мәслихаттың хатшысы E. Қалиев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қарасай ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы М. Жұмағұлов
      "Қарасай ауданының экономика
      және бюджетті жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады