Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылдық округі әкімінің 25.10.2013 N 6 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Кербұлақ ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2013 жылғы 30 сәуірдегі N 85 ұсынысы негізінде Қоғалы округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоғалы ауылдық округінің Қоғалы ауылында ұсақ мүйізді малдар арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізіле отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қоғалы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Себеков Молдакерим Тлеповичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі С. Исабаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы Министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Кербұлақ
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы Токабаев Сламбай Нұрадилұлы
24 мамыр 2013 жыл
"Кербұлақ ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы Ешкенов Ертай Оразұлы
24 мамыр 2013 жыл