Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 142 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 маусымда № 1962 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы  сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 15 бабының 11) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабындағы 1 тармағының 9) тармақшасына сәйкес Жамбыл облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңде (ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 20 қыркүйегіне дейін) жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.
      2. Аудан әкімдері және «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:
      1) халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да;
      2) мемлекеттiк орман қоры аумағына кіреберістерді шлагбаумдармен жабдықтауды, тәулік бойы аумақтардың периметрі бойынша қоруды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Насбекұлы Көкрекбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Облыс әкімі                                Қ. Бозымбаев

О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда

Постановление Жамбылского областного акимата от 30 мая 2013 года № 142 Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 26 июня 2013 года № 1962

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 11) статьи 15 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года и подпункта 9) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и акимат Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. В период высокой пожарной опасности (с 1 июля до 20 сентября текущего года) запретить пребывание физических лиц на территории государственного лесного фонда.
      2. Акимам районов и коммунальному государственному учреждению «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Жамбылской области» в пределах своей компетенции обеспечить:
      1) проведение разъяснительной работы среди населения, в том числе посредством выступлений в средствах массовой информации;
      2) оборудование шлагбаумами въезды на территории государственного лесного фонда, организовать круглосуточное патрулирование по периметру территории.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области Карима Насбековича Кокрекбаева.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.
      
      Аким Области                               К. Бозымбаев