РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан-Қытай" магистральды құбыр жолының "С" желісінің құрылысын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 297 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1835 болып тіркелген, 2012 жылдың 13 қарашасында № 146 (17663) "Ақ жол" және № 131 (17691) "Знамя труда" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Насбекұлы Көкрекбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 398 қаулысына 1 қосымша |
"Қазақстан-Қытай" магистральды құбыр жолының "С" желісі бөлігінің құрылысын жүргізу үшін "Азиалық Газқұбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеуге берілген жерлер
Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 398 қаулысына 2 қосымша |