РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Барлық мәтін бойынша "2001 жылғы 30 қаңтардағы" деген сөздер "2014 жылғы 5 шілдедегі" ауыстырылды – Жамбыл облыстық мәслихатының 26.03.2015 № 35-11 шешімімен.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді – Жамбыл облыстық мәслихатының 26.03.2015 № 35-11 шешімімен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
1. Қоса беріліп отырған Тараз қаласында иттер мен мысықтарды күтіп -ұстау Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аймақты әкімшілік аумақтық құрылымды ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер участкесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау туралы тұрақты комиссияға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы | М. Сарсенов |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Б. Қарашолақов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
Қадағалау комитетінің Жамбыл
Облыстық аумақтық инспекциясы"
Мемлекеттік мекемесінің басшысының
міндетін атқарушы
Ж.М. Қоекеев
20 желтоқсан 2013 жыл
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиогиялық қадағалау
комитетінің Жамбыл облысы бойынша
департаментінің басшысы
Қ. Қазанғапов
20 желтоқсан 2013 жыл
Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 20-8 шешімімен бекітілген |
Тараз қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тараз қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) иттер мен мысықтарды ұстаудың тәртібін анықтайды.2. Қағидалар меншік түріне қарамастан иттер мен мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.
3. Осы Қағидалар "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексiне және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес әзiрленген.
2. Иттердi және мысықтарды ұстау тәртiбi
4. Иттер және мысықтар жеке ветеринарлық төлқұжатын беру жолымен сәйкестендіріледі.5. Иттер мен мысықтарды беру, сату, сатып алу, сонымен қатар қала, облыс және республикадан тысқары, шығару, кiргiзу, олардың "құтыруға қарсы егiлген" белгiсi бар ветеринариялық төлқұжаты болған жағдайда рұқсат етiледi.
6. Келесілерге жол берілмейді:
1) балалар алаңқайларында, көпқабатты тұрғын үйлер аулаларында, спорт алаңқайларында, мектепке дейінгі және оқу орындарының, емдеу-алдын алу және медициналық мекемелерінің аумақтарында, қоғамдық шараларды өткізетін орындарда, адамдарды құтқару жөніндегі жұмысты орындаушы, сондай-ақ қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті күзетуші қызметтік иттерден және жанары әлсіз адамдарды ертіп жүретін иттерден басқа иттер мен мысықтарды серуендетуге;
2) иттерді тұмылдырықсыз және ұзын шылбырмен серуендетуге;
3) мас күйіндегі тұлғалар мен 16 жасқа толмаған балаларға иттерді серуендетуге;
4) адамдардың шомылуына арналған орындарда, су бұрқақтарда су айдындарында және су алу орындарында иттер мен мысықтарды шомылдыруға және жуындыруға;
5) тұрғын үй қоры пәтерлерiнде және жеке тұрғын үйлерде қандай да болмасын иттер мен мысықтардың түрлерi үшiн паналаулар мен тәлімбақтар ұйымдастыруға;
6) тiркелмеген (есепке алынбаған) және егуден өтпеген иттер мен мысықтарды ұстауға;
7) иттер мен мысықтарды олардың терісін және етін тұтыну, өңдеу және өткізу үшін пайдалану мақсатында өсіруге және аулауға;
8) Тараз қаласының аумағында иттердi таластыру және басқада жануарларға қатысты қатыгез iс-шаралар ұйымдастыру мен өткiзуге, (жануарларға зақым келтiрмейтiн және күзетшi иттердi өсiру үшiн дұрыс тұқымдық сұрыптау жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, арнайы ережелермен иттердiң жұмыс сапаларын тексерудi қоспағанда).
9) иттерді және мысықтарды көп пәтерлі тұрғын үйлердің ортақ пайдаланатын орындарында және жатақханаларында ұстауға.
7. Иттің иелері қыдырту кезінде өз итінің нәжістерін жинауды қамтамасыз етеді.
8. Адамдарды немесе жануарларды тістеген иттер және мысықтар тез арада оқшаулау және бақылау үшін жақын маңдағы ветеринариялық емдеу мекемесіне жеткізіледі.
9. Иттердi және мысықтарды ұстау ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормативтерге, сондай-ақ олардың биологиялық қажеттiлiктерiне сәйкес және iзгiлiктi қарауда жүзеге асырылады. Ит пен мысықтарды ұстаған жағдайда оларға зарарсыздандыру жасау ұсынылады. Иттер мен мысы қтарды зарарсыздандыру жануар иесінің есебінен ветеринарлық клиникаларда жүзеге асырылады.
10. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен осы Қағидалардың шарттарын сақтаған жағдайда:
1) көппәтерлi тұрғын үйдегi бiр отбасы пәтерiнде сол подъездегі көршілерінің жазбаша рұқсатымен үш айға дейінгі ұрпақтарын қоса алғанда бір ит және екі мысықты ұстауға. (Жасы үш айдан асқан күшiктер мен мысықтар жаңа иелерiне немесе қаңғыбас жануарларды аулау және ұстаумен шұғылданатын арнайы мекемеге беруiлуi тиiс. Күшiктер мен мысықтарды жаңа иелерiне беру жануардың ветеринариялық төлқұжатын берумен жүзеге асырылады.);
2) бiрнеше жанұялар тұратын тұрғын жайда (коммуналдық пәтер, жатақхана), сол пәтердегі барлық тұрғындардың жазбаша келісімімен көршілердің медициналық кері көрсеткіштері (аллергия) болмаса бір ит пен бір мысықты тек өзі тұратын тұрғын жайда ұстауға рұқсат берiледi.
11. Осы Қағидаларды сақтау үшін өкiлеттi органдарға жәрдемдесу мақсатында пәтер иелерi кооперативтерiне, тұрғын үй кооперативтерiне, жеке жайлар иелерi кооперативтерiне, кондоминиумдарға:
1) жертөлелерге, шатырларға және басқа да қосалқы үй-жайларға кiреберістерді, онда иттер мен мысықтардың кiрiп кетуiне жол бермейтiндей жабық күйiнде ұстау;
2) жануарларды аулаумен айналысатын ұйымдарға өзiнiң аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтардың бары туралы хабарлау;
3) өз қарамағындағы үйлерде пәтер иелерi ұстайтын жануарлардың саны туралы мәлiметтердi жинау және оларды тiркеудi жүзеге асыру үшiн өкiлеттi органдарға (тiркеу органдарына) беру;
4) пәтер иелерi кооперативiне, тұрғын үй кооперативiне, жеке жайлар иелерi кооперативiне, кондоминиумдарға бекiтiлген аумақтарда немесе шағын ауданның (орамның) аумағында құрылыстан бос және кооперативтерге iргелес жерлерде, қаланың жергілікті атқару органына енгiзiлетiн, белгiленген әрiппен бекiту үшiн, тақтайша, белгi орната отырып иттердi серуендететiн орындарды анықтау ұсынылады.
3. Иттер мен мысықтарды аулау
12. Қоғамдық орындарда еріп жүрген тұлғаларсыз болған иттер мен мысықтар (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда), иесi кәсiпорындар мен мекемелерде байлап кеткендерден басқалары қаңғыбас деп есептеледi және міндетті түрде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулайтын және өлген жануарлардың өлiктерiн жинайтын арнайы мекеменiң аулауына жатады.Қаңғыбас жүрген иттер мен мысықтарды аулаушылар мен арнайы көлiк жүргiзушiсi жануарларды аулау және тасымалдау кезiнде iзгiлiктi сақтаулары тиiс.
Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулауды қарапайым немесе пәрменді қашықтықтық химиялық иммобилизация тәсілдерімен, жергілікті атқарушы органмен аулаудың тәртібі мен жағдайы регламенттелген шарт жасасқан, мамандандырылған ұйым жүзеге асырады. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулайтын жұмыскерлердің қызметін техникалық жабдықтау аулауды жүзеге асыратын ұйымға жүктеледі.
Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар иелеріне беріледі немесе дәрі қолдану жолымен жансыздандырылады (ұйықтатылады).