"Тараз қаласында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 20-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 35-11 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 2625 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы мәслихатының 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 15-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы мәслихатының 04.04.2022 № 15-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тараз қаласында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №20-8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2107 болып тіркелген, "Ақ жол" газетінде 2014 жылдың 30 қаңтарында № 11 (17868) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      осы шешімнің мәтініндегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және" деген сөздер алынып тасталсын.

      Осы шешімге қоса беріліп бекітілген Тараз қаласында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау қағидаларындағы "2001 жылғы 30 қаңтардағы" сөздері "2014 жылғы 5 шілдедегі" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аймақты, әкімшілік аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау туралы тұрақты комиссияға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы Б. Алдашов
      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы Б. Қарашолақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады