Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 365 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 қаңтарда № 2108 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 192 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 10.10.2023 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 03.03.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы қаулыға 1- қосымшаға сәйкес учаскелік комиссиялар туралы ережесі;

      2) осы қаулыға 2- қосымшаға сәйкес өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттары бекітілсін.

      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 03.03.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және он сегіз жасқа дейін балаларға ай сайын тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындайтын учаскелік комиссиялардың Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облыстық әкімиятының 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 9 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1637 болып тіркелген, 2006 жылдың 18 наурызында № 45-46 "Ақ жол" және № 42-43 "Знамя труда" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғани Қалыбайұлы Сәдібековке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жамбыл облыстық мәслихаттың хатшысы

      Б. Қарашолақов

      18 желтоқсан 2013 жыл

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2013 жылғы 28 қарашадағы
№ 365 қаулысына 1- қосымша

      Ескерту. Қосымшаның он жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 03.03.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Учаскелік комиссиялар туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Учаскелік комиссиялар туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 3-тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.

      2. Осы ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      уәкілетті орган – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;

      учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия.

      Сонымен қатар, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асырады, ал учаскелік комиссия әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізеді.

      3. Учаскелік комиссиялар (бұдан әрі - Комиссиялар) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссиялар өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарымен ұйымдастырады.

      4. Комиссиялар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, осы Ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын басшылыққа алады.

      Ескерту. 4 - тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 03.03.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Комиссиялардың міндеттері мен функциялары

      5. Комиссиялардың негізгі міндеті уәкілетті органға, ал ауылдық жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) немесе жергілікті өкілетті органдар бекітетін әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек көрсету, олардың атаулылығын арттыру жөніндегі қызметіне жәрдемдесу болып табылады.

      6. Комиссияның негізгі функцияларына:

      1) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмекті алуға өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу (бұдан әрі – тексеру);

      2) қажетіне қарай атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу үшін қажетті жетіспейтін мәліметтерді алу үшін тиісті органдарға сұрату жіберу;

      3) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамның (бұдан әрі – өтініш беруші) материалдық жағдайын тексеру актісін жасау;

      4) ұсынылған құжаттардың және (немесе) тексеру нәтижелерінің негізінде осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын ескере отырып Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек немесе атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттілігі немесе қажеттіліктің жоқтығы туралы қорытындыны дайындау жатады.

      Ескерту. 6 - тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы әкімдігінің 03.03.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Алып тасталды - Жамбыл облысы әкімдігінің 03.03.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Уәкілетті орган, ал ауылды жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округтың әкімі учаскелік комиссияның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар (отырыс өткізуге арналған жеке бөлме беру, нормативтік құқықтық актілермен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету) жасайды.

      9. Комиссияның құрамы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, кооперативтердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері, халықтың, ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құрылады.

      Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы бес адамнан кем болмауы тиіс.

      10. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Үлгі ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауаптылықта болады.

      11. Комиссия отырысының өткізілетін күні туралы өтініш берушіні хабардар етуді, отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар даярлауды, Комиссия отырысына қажетті құжаттар, материалдар мен оны өткізгеннен кейін хаттаманы рәсімдеуді комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

      12. Өтініш беруші Комиссияның отырысына қатыса алады.

      13. Комиссия:

      Халықты жұмыспен қамту орталығынан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайын тексерудің нәтижелері негізінде қорытынды дайындап, оны Халықты жұмыспен қамту орталығына немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді;

      құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, Қағидаларға сәйкес адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы немесе мұқтаждығының жоқтығы туралы қорытынды әзірлейді және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне жібереді.

      Ескерту. 13 - тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 03.03.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.

      15. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.

      16. Комиссияның қабылдаған шешімі қорытынды түрінде ресімделеді, өтініш беруші онымен танысып, қол қояды.

      17. Өтініш беруші Комиссияның қорытындысына уәкілетті органға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануына болады.

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2013 жылғы "28" қарашадағы
№ 365 қаулысына 2- қосымша

Өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттары

      Ескерту. Қаулы 2 - қосымшамен толықтырылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 03.03.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттары:

      1) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтығы, оралман, босқын, шетелдік және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адам мәртебесінің бар болуы;

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларының 7- тармағына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) сәйкес Халықты жұмыспен қамту орталығымен немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімімен расталған мәліметтердің бар болуы;

      3) учаскелік комиссиямен әзірленген өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек беру қажеттігі туралы қорытындының болуы болып табылады.

      Өтініш берушіге және (немесе) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес адамдарға атаулы әлеуметтік көмек беруге қажеттіліктің жоқтығы туралы учаскелік комиссиямен қорытынды шығаруға келесі өлшемшарттардың бірі негіз болып табылады:

      1) жалпы тиімді көлемі отбасының бір мүшесіне 18 шаршы метрден аспайтын барлық тұрғын үйлерді, сонымен қатар тиісті актілермен расталатын авариялық жағдайдағы тұрғын үйлерді қоспағанда, оның (олардың) жеке меншік иелігіндегі, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға жүгінгенге дейін соңғы бес жыл көлемінде тұруға жарамды иеліктен шығарылған оның (олардың) жеке меншік иелігіндегі біреуден аса тұрғын үйдің бар болуы;

      2) оның (олардың) жеке меншігінде, иелігінде және (немесе) қолданысында тұрақты тұрудан басқа табыс алу үшін мақсаттарда қолданылатын жеке жайдың болуы;

      3) жергілікті атқарушы органдармен жеке меншікке жер телімін ақысыз түрде беру жағдайын қоспағанда, оның (олардың) жеке меншік тұрғын үйінің бар болуы кезінде оның (олардың) сатып алған жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншікте жер телімінің бар болуы;

      4) көпбалалы отбасыларды және мүгедек балалар, бірінші және екінші топ мүгедектері бар отбасыларды қоспағанда оның (олардың) жеке меншігінде біреуден астам жеңіл автокөлігі бар болуы;

      5) жеке меншігінде және (немесе) уақытша иелігінде, қолданысында техникалық жарамды жағдайда ауыл шаруашылық техникасы және (немесе) автобустың және (немесе) микроавтобустың және (немесе) жүк автокөлігінің және (немесе) троллейбустың және (немесе) жолаушыларды, багажды, жүктерді тасымалдауға арналған арнайы бейімделген және (немесе) арнаулы автомобильдердің немесе теңіз және (немесе) ішкі су және (немесе) әуе көліктерінің бар болуы.

Об утверждении Положения об участковых комиссиях

Постановление акимата Жамбылской области от 28 ноября 2013 года № 365. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 29 января 2014 года № 2108. Утратило силу постановлением акимата Жамбылской области от 10 октября 2023 года № 192

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Жамбылской области от 10.10.2023 № 192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок в редакции постановления акимата Жамбылской области от 03.03.2020 № 37 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" акимат Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить:

      1) Положение об участковых комиссиях, согласно приложению 1 к настоящему постановлению;

      2) Критерии определения нуждаемости в государственной адресной социальной помощи по результатам обследования материального положения заявителя, согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления акимата Жамбылской области от 03.03.2020 № 37 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление координации занятости и социальных программ акимата Жамбылской области" обеспечить в установленном законодательством Республики Казахстан порядке государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции и его официальное опубликование.

      3. Признать утратившим силу постановление акимата Жамбылской области от 26 января 2006 года № 9 "Об утверждении Положения об участковых комиссиях для назначения государственной адресной социальной помощи и ежемесячного государственного пособия, назначаемого и выплачиваемого на детей до восемнадцати лет" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1637, опубликовано 18 марта 2006 года в газетах "Ақ жол" № 45-46 и "Знамя труда" № 42-43).

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Садибекова Гани Калыбаевича.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области К. Бозумбаев

      "СОГЛАСОВАНО"

      Секретарь Жамбылского областного маслихата

      Б. Карашолаков

      18 декабря 2013 года

  Приложение 1 к постановлению
акимата Жамбылской области
от 28 ноября 2013 года № 365

      Сноска. Правый верхний угол приложения 1 - в редакции постановления акимата Жамбылской области от 03.03.2020 № 37 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Положение об участковых комиссиях
1. Общие положения

      1. Настоящее Положение об участковых комиссиях (далее – Положение) разработано в соответствии с пунктом 3 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 17 июля 2001 года "О государственной адресной социальной помощи" (далее - Закон) и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" и определяет статус и полномочия участковых комиссий.

      2. Основные понятия, используемые в настоящем Положении:

      уполномоченный орган - местный исполнительный орган района, города областного значения, осуществляющий назначение адресной социальной помощи;

      участковая комиссия - специальная комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за адресной социальной помощью.

      Также в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" уполномоченный орган осуществляет оказание социальной помощи, а участковые комиссии проводят обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью.

      3. Участковые комиссии (далее – Комиссии) являются постоянно действующим коллегиальным органом на территории соответствующих административно-территориальных единиц. Комиссии организовывают свою работу на принципах открытости, гласности, коллегиальности и беспристрастности.

      4. Комиссии в своей деятельности руководствуются Конституцией, Законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативными правовыми актами Республики Казахстан, настоящим Положением, а также критериями определения нуждаемости в государственной адресной социальной помощи по результатам обследования материального положения заявителя.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции постановления акимата Жамбылской области от 03.03.2020 № 37 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Задачи и функции Комиссии

      5. Основной задачей Комиссии является содействие уполномоченному органу, а в сельской местности - акиму поселка, села, сельского округа в деятельности по оказанию государственной адресной социальной помощи населению (далее - адресная социальная помощь) или социальной помощи, предоставляемой в соответствии с Правилами оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее - Правила), утверждаемыми местными представительными органами, повышению их адресности.

      6. К основным функциям Комиссии относятся:

      1) проведение обследования материального положения лица (семьи), обратившегося за назначением адресной социальной помощи или оказанием социальной помощи, предоставляемой в соответствии с Правилами (далее – обследование);

      2) при необходимости направление запроса в соответствующие органы для получения недостающих сведений, необходимых для проведения обследования материального положения лица (семьи), обратившегося за назначением адресной социальной помощи;

      3) составление акта обследования материального положения лица (далее - заявитель), обратившегося за назначением адресной социальной помощи или оказанием социальной помощи, предоставляемой в соответствии с Правилами;

      4) на основании представленных документов и (или) результатов обследования подготовка заключения о необходимости предоставления или об отсутствии необходимости предоставления социальной помощи или адресной социальной помощи, предоставляемой в соответствии с Правилами, с учетом критериев определения нуждаемости в государственной адресной социальной помощи по результатам обследования материального положения заявителя согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными постановлением акимата Жамбылской области от 03.03.2020 № 37 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

3. Организация деятельности комиссии

      7. Исключен постановлением акимата Жамбылской области от 03.03.2020 № 37 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Уполномоченный орган, а в сельской местности - аким поселка, села, сельского округа создает необходимые условия для нормальной деятельности участковой комиссии (предоставляет отдельную комнату на время заседания, обеспечивает нормативными правовыми актами, техническими средствами).

      9. В состав Комиссии могут входить представители органов местного государственного управления, общественных объединений, кооперативов собственников помещений (квартир), населения, организаций и уполномоченных органов образования, здравоохранения, социальной защиты, работников правоохранительных органов.

      Комиссия состоит из председателя, секретаря и членов комиссии. Общий состав Комиссии не менее пяти человек.

      10. Председатель организует работу Комиссии и обеспечивает своевременное и качественное выполнение задач и функций, возложенных на Комиссию настоящим Положением.

      11. Оповещение заявителя о дате проведения заседания, подготовку предложений по повестке дня заседания Комиссии, необходимых документов, материалов и оформление протокола заседания Комиссии после его проведения осуществляет секретарь комиссии.

      12. Заявитель может присутствовать на заседании Комиссии.

      13. Комиссия:

      в течение семи рабочих дней со дня получения документов от Центра занятости населения или акима поселка, села, сельского округа готовит заключение на основании представленных документов и (или) результатов обследования материального положения заявителя, обратившегося за назначением адресной социальной помощи и передает его в Центр занятости населения или акиму поселка, села, сельского округа;

      в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), обратившегося за оказанием социальной помощи, подготавливает заключение о нуждаемости или об отсутствии нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи в соответствии с Правилами, и направляет их в уполномоченный орган или акиму поселка, села, сельского округа.

      Сноска. Пункт 13 - в редакции постановления акимата Жамбылской области от 03.03.2020 № 37 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. Решения Комиссии правомочны при наличии двух третей от общего числа ее состава.

      15. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов комиссии. В случае равенства голосов голос председателя Комиссии считается решающим.

      16. Принятое решение Комиссии оформляется в форме заключения, с которым заявитель ознакамливается под роспись.

      17. Заключение Комиссии может быть обжаловано заявителем в уполномоченном органе, а также в судебном порядке.

  Приложение 2 к постановлению
акимата Жамбылской области
от "28" ноября 2013 года № 365

Критерии определения нуждаемости в государственной адресной социальной помощи по результатам обследования материального положения заявителя

      Сноска. Постановление дополнено приложением 2 в соответствии с постановлением акимата Жамбылской области от 03.03.2020 № 37 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Критерием определения нуждаемости в государственной адресной социальной помощи являются:

      1) наличие гражданства Республики Казахстан, статуса оралмана, беженца, иностранца и лица без гражданства постоянно проживающего в Республике Казахстан, со среднедушевым доходом, не превышающим черты бедности;

      2) наличие подтвержденных сведений Центром занятости населения или акимом поселка, села, сельского округа предусмотренных пунктом 7 Правил назначения и выплаты государственной адресной социальной помощи, утвержденном приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 5 мая 2015 года № 320 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11426);

      3) наличие заключения о необходимости предоставления адресной социальной помощи участковой комиссии, подготовленного по результатам обследования материального положения заявителя.

      Основанием для вынесения заключения об отсутствии необходимости предоставления адресной социальной помощи участковой комиссией заявителю и (или) лицам, соответствующих требованиям пункта 1 статьи 4 Закона Республики Казахстан "О государственной адресной социальной помощи", одному из следующих критериев:

      1) наличие более одного жилища, принадлежащего на его (их) праве собственности заявителя, в том числе принадлежавшего ему (им) на праве собственности жилища, пригодное для проживания, на которое было произведено отчуждение, в течение последних пяти лет до момента обращения за адресной социальной помощью, за исключением случаев, когда общая полезная площадь всех жилищ не превышает 18 квадратных метров на одного члена семьи, а также жилищ, находящихся в аварийном состоянии, которое подтверждается соответствующим актом;

      2) наличие в его (их) собственности, владении и (или) пользовании отдельного помещения, используемого для иных, чем постоянное проживание, целей, для получения прибыли;

      3) наличие в его (их) собственности земельного участка, предназначенного под индивидуальное жилищное строительство, при условии наличия у него (их) в собственности жилища, за исключением случаев безвозмездного предоставления земельного участка в частную собственность местными исполнительными органами;

      4) наличие в его (их) собственности более одной единицы легкового автомобиля, за исключением многодетных семей и семей, в составе которых имеются дети-инвалиды, инвалиды первой и второй группы;

      5) наличие в его (их) собственности и (или) во временном владении, пользовании сельскохозяйственной техники и (или) автобуса и (или) микроавтобуса и (или) грузового автомобиля и (или) троллейбуса и (или) специализированного и (или) специального автомобиля используемых для осуществления перевозок пассажиров, багажа, груза либо морского и (или) внутреннего водного и (или) воздушного транспорта, находящихся в технически в исправном состоянии.