Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және он сегіз жасқа дейін балаларға ай сайын тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындайтын учаскелік комиссиялардың Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық әкімиятының 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 9 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 13 наурызда № 1637 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 365 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 28.11.2013 № 365 қаулысымен.

       "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы "Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 1685 қаулысына және 2005 жылғы 2 қарашадағы "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" N 1092 қаулысына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және он сегіз жасқа дейін балаларға ай сайын тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындайтын учаскелік комиссиялар туралы Ереже (бұдан әрі Ереже) және учаскелік комиссия қорытындысының үлгісі 1, 2 қосымшаларға сай бекітілсін.
       2. Ереже Жамбыл облыстық мәслихатымен келісілсін.
       3. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және он сегіз жасқа толмаған балаларға ай сайын берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органдар болып-аудандар және Тараз қаласы әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, ал мемлекеттік атаулы көмек алуға арыз берушінің отбасының құрамы және жеке қосалқы шаруашылығының мөлшері туралы мәліметтерді растау жөніндегі уәкілетті органдар болып аудандарда- ауданмен теңелген қала, ауыл, кент, ауыл әкімдері, ал Тараз қаласында-квартал, көше комитеттерінің мәліметі бойынша Тараз қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі белгіленсін.
       4. Аудандар мен Тараз қаласының әкімдері мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің және он сегіз жасқа толмаған балаларға ай сайын берілетін мемлекеттік жәрдемақының дұрыс тағайындалуы мен төленуіне тұрақты бақылауды жүзеге асырсын.
       5. Ереже облыстық мәслихатпен келісілгеннен кейін Жамбыл облысы әкімиятының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті оның Жамбыл облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қамтамсыз етсін.
       6. Осы қаулы әділет департаментінде тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Н. Байбековке жүктелсін.
      
      Облыс Әкімі                                Б. Жексембин

"Келісілді"
Жамбыл облыстық
Мәслихат хатшысы
Ә. Әсілбеков
20.02.2006 ж.

Облыс әкімиятының
2006 жылғы 26 қаңтардағы
№ 9 қаулысына № 1 қосымша

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және он сегіз
жасқа дейін балаларға ай сайын тағайындалатын және
төленетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындайтын
учаскелік комиссиялар туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және он сегіз жасқа дейін балаларға ай сайын тағайындалып төленетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындайтын учаскелік комиссиялар ауылдық округтер (поселке, ауыл) және қала әкімдерінің (ары қарай учаскелік комиссиялар) шешімдерімен әлеуметтік көмек көрсету жөнінде келушілердің материалдық жағдайын және олардың келген мәселелерін анықтау үшін ұйымдастырылады, қайта құрылады, таратылады.
      2. Учаскелік комиссиялар өздерінің қызметін " Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы " және " Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1685 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың және төлеудің Ережесіне", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесіне" және "Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесіне", Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-П бұйрығымен бекітілген "Атаулы әлеуметтік көмекті алуға талаптанушы тұлғалардың (жанұялардың) жалпы табысын есептеу тәртіптеріне" және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Учаскелік комиссиялардың құрамына: қоғамдық негізде учаске (өздерінің келісімімен тұрғын үй аумағының, пәтер иелері кооперативтерінің, шағын аудандар, көшелер, поселке, село, ауыл) жұртшылығының өкілдері, құқық қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, салық органдарының қызметкерлері, әлеуметтік көмек көрсетуге жауапты уәкілетті органның өкілдері кіре алады.
      4. Ауылдық жерлерде учаскелік комиссияның төрағасы болып ауылдың әкімі, ал қалада-қала әкімінің тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініске сәйкес уәкілі тағайындалады. Учаскелік комиссияның құрамы 5 адамнан кем болмауы қажет.
      5. Учаскелік комиссияның төрағасы учаскелік комиссияның отырыстарын шақыруға, олардың өткізілу мерзімін сақтауға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және он сегіз жасқа толмаған балаларға ай сайын берілетін мемлекеттік жәрдемақы жөнінде келген азаматтардың отбасының материалдық жағдайын зерттеуді ұйымдастыруға жауапты.
      6. Зерттеу тәртібін бұзған комиссияның кез-келген мүшесін оның құрамынан шығару туралы шешімді тиісті аумақтық әкімі қабылдайды.

2. Учаскелік комиссияның негізгі функциялары

      7. Учаскелік комиссиялар көмекке өте зәру азаматтарды атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету мақсатында өкілетті органдардың және әкімияттардың халыққа әлеуметтік көмек көрсету қызметіне ықпал етеді.
      8. Учаскелік комиссиялар қажет жағдайда уәкілетті органдардың тапсырмасы бойынша бес күн мерзім ішінде, аталған округте тұрақты тұратын әлеуметтік көмекке өте зәру отбасының материалдық жағдайын анықтап, олардың материалдық жағдайы бойынша актілер жасап, қорытындылар даярлап, тиісті әкімиятқа тапсырады, ал әкімият басқа да қажетті құжаттарды қоса отырып уәкілетті органға тапсырады.
      9. Учаскелік комиссиялар халық арасында түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету және он сегіз жасқа толмаған балаларға ай сайынғы жәрдемақысы туралы қолданудағы заңдылықтар мен тәртіптерге енгізілген өзгерістер жөнінде хабардар етеді.

3. Құқықтары мен міндеттері

      10. Учаскелік комиссия мүшелері өздерінің қызметіне қатысты уәкілетті органдар өткізген мәжілістерге және кеңестерге қатыса алады.
      11. Учаскелік комиссия мүшелерінің зерттелуге тиісті жанұялардан алғыс ретінде сыйлықтың қандай болмасын түрлерін алуға құқылары жоқ.
      12. Учаскелік комиссия мүшелері тексеруге тиісті әкімиятқа және уәкілетті органға берілген зерттеу акті мен қорытындыда баяндалған ақпараттың дұрыстығы мен дәлелдігі үшін жауап береді, зерттеу барысында алынған ақпаратты жасырын қолдануға қатаң кепілдік береді.
      13. Учаскелік комиссиялар зерттеу жүргізу мақсатында тиісті органдардан қажетті анықтамалар сұрап, уәкілетті органның тапсыруымен салыстырмалы түрде тексеру үшін тапсырылған құжаттарды сұратуға құқылы.

4. Әлеуметтік көмекке мұқтаждықты тексеру тәртібі

      14. Отбасының нақты материалдық жағдайын зерттеу негізгі тұрғылықты және тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.
      15. Әлеуметтік көмек алуға арыз берушінің жанұясының материалдық жағдайын тексеру арызданушының өзінің қатысуымен жүргізіледі.
      16. Арызданушының және оның жанұясының материалдық жағдайын зерттеу азаматтарының жеке өмірлеріне құрметпен қарау тұрғысынан олардың қадірін түсірмейтін жағдайда учаскелік комиссиялар мүшелерінің 2/3 кем емес құрамында іске асырылады.
      17. Учаскелік комиссиялар зерттеу барысында арызданушыны көмек сұрауға мәжбүр еткен жағдайларды анықтайды:
      1) жанұя құрамын;
      2) жұмыс істейтін жанұя мүшелерін;
      3) жұмыс істемейтін жанұя мүшелерінің еңбек ету қабілеті бар  жастағыларын, олардың жұмыссыз жүру себебін;
      4) жанұядағы балаларды, мүгедектерді, қартайғандарды, ауруларды күтумен айналысатын еңбек ету қабілеті бар жастағыларды;
      5) жанұя құрамындағы жасы кәмелетке толмаған балаларды және күтімге мұқтаждарды (мүгедектер, қартайғандар, аурулар);
      6) өзінің еңбекпен қамтылуы жөнінде мәлімдеуші тұлғаның іс жүзінде табыс деңгейін (көршілер, жанұя мүшелерін жеке сұрау жолмен);
      7) жер үлесінің және жеке қосалқы шаруашылығының (үй жануарлары, құстар, аула деңгейіндегі учаскесі, бау-бақшасы, саяжайы) болуын және қолдану барысында тікелей тапқан табысын;
      8) тұрғын үй жайларының (пәтерлері, үйлері) саны;
      9) қолдануға жарамды автокөлігі барын немесе жоқтығын;
      10) жанұяның тұрғын үйін ұстау және коммуналдық төлемдер төлегеннен кейінгі (орталай жылға шаққанда отын алғаны)
      11) жан басына шаққандағы кірістерді алу мүмкіншілігінің болмау себебі;
      12) ата-аналарының немесе біреуінің ішкілікке салынуы;
      13) әкесінің немесе оның көмегінің болмауын;
      14) жұмысқа орналасуға білімінің сәйкес келмеуін;
      15) көпбалалығын;
      16) көмек көрсететін туысқандарының болмауын;
      17) жалға беруге болатын қосалқы жайлары мен артық тұрғын үй алаңының болмауын;
      18) жанұя мүшесінің ауруы.

                                             Облыс әкімиятының
                                          2006 жылғы 26 қаңтардағы
                                          № 9 қаулысына № 2 қосымша

      ____________________________________________________________
      (ауылдық аумақтық, Тараз қаласында учаскелік аумақ)
       учаскелік комиссиясы атаулы әлеуметтік көмекті беру немесе
он сегіз жасқа дейінгі балаларға ай сайын тағайындалып, төленетін
жәрдемақыны беру туралы

                               ҚОРЫТЫНДЫ

      N                              "____"__________200 ж.

      Учаскелік комиссия
      1) өтініш берушінің құжаттарын қарап;
      2) отбасының материалдық жағдайын анықтап;
      3) берілген құжаттардың ішінен таңдап қайта тексеріп,

      Шешті:
      Отбасы__________________________________________________
               (өтініш берушінің аты, тегі, әкесінің аты)
            __________________________________________________
                              (мекен-жайы)
            __________________________________________________
               (жәрдемақы алуға мұқтаж немесе мұқтаж емес)
            __________________________________________________
                  (мұқтаж болса, көмектің қай түріне)

      Өйткені__________________________________________________
                     (комиссия мүшелерінің ойы)

            ___________________________________________________

            ___________________________________________________

       Комиссия төрағасы _________________
       Комиссия мүшелері _________________
                         _________________
                         _________________
                       

      Күні _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады