РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы cақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
1) Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай - ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде;
2) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде.
2. "Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Б. Абдрахманова) өтініш жасаған қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Аманжолұлы Демесиновке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жариялаған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Шүкеев |