Байзақ ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы "Байзақ ауданында қылмыстық –атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" №4 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 245 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Байзақ ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы "Байзақ ауданында қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 4 ақпандағы №1885 болып тіркелген Байзақ аудандық "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" газетінің 2013 жылғы ақпандағы №15 нөмірінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Мұратұлы Ақбаевқа жүктелсін.
      Аудан әкімі М. Шүкеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады