Суханбаев ауылдық округінің Жақаш және Қарасу ауылдары аумағына шектеу іс - шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 11 маусымдағы № 9 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 10 шілдеде № 1965 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-127 баптарына сәйкес және Байзақ ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 29 мамырдағы № 205 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ұсақ мүйізді малдардан бруцеллездің эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты Суханбаев ауылдық округінің Жақаш және Қарасу ауылдары аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Суханбаев ауылдық округі әкімі аппаратының ветеринар бас маманы Асқар Есімханұлы Әбдібековке жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Ауылдық округ әкімі                        М. Өзбеков
      
«КЕЛІСІЛДІ»:
Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының басшысы
А. Төлепбергенов
«11» маусым 2013 жыл

"Жамбыл облыстық Ішкі істер
департаментінің Байзақ аудандық
Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Абдезов
«11» маусым 2013 жыл

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Байзақ аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
М. Төлтаев
«11» маусым 2013 жыл

Об установлении ветеринарного режима с введением ограничительных мероприятий на территории сел Жакаш и Карасу Суханбаевского сельского округа

Решение акима Суханбаевского сельского округа Байзакского района Жамбылской области от 11 июня 2013 года № 9. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 10 июля 2013 года № 1965

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан», статьями 10-127 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года «О ветеринарии» и на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Байзакского района за № 205 от 29 мая 2013 года РЕШИЛ:
      1. В связи с выявлением эпизоотического очага бруцеллеза мелкого рогатого скота установить ветеринарный режим с введением ограничительных мероприятий на территории сел Жакаш и Карасу Суханбаевского сельского округа.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на главного специалиста ветеринара аппарата акима Суханбаевского сельского округа Аскара Есимхановича Абдибекова.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      
      Аким сельского округа                      М. Узбеков
      
«СОГЛАСОВАНО»:
Руководитель управления государственного
санитарно-эпидемиологического
надзора по Байзакскому району"
А. Тулепбергенов
«11» июня 2013 год

Руководитель государственного учреждения
"Отдел внутренних дел Байзакского района
Департамента внутренних дел Жамбылской области"
А. Абдезов
«11» июня 2013 год

Руководитель государственного учреждения
"Байзакская районная территориальная
инспекция Комитета ветеринарного
контроля и надзора Министерства сельского
хозяйства Республики Казахстан"
М. Толтаев
«11» июня 2013 год