РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1, 27 баптарына сәйкес және Байзақ ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 140 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Уақ малдардан бруцеллездің эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты Ынтымақ ауылдық округінің Мәдімар ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппаратының ветеринар бас маманы Аманов Талғат Әлімбекұлына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі М. Ноғаев
«КЕЛІСІЛДІ»:
Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының басшысы
А. Төлепбергенов
2 шілде 2013 жыл
"Жамбыл облыстық Ішкі істер
департаментінің Байзақ аудандық
Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А. Абдезов
2 шілде 2013 жыл
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Байзақ аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
М. Төлтаев
2 шілде 2013 жыл