Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 мамырдағы № 42-3 (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берiлiп отырған Жамбыл ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидалары бекiтiлсiн.
2. 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Жамбыл ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының № 13-11 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1878 болып тіркелген, 2013 жылдың 19 қаңтарында № 7-8 "Шұғыла-Радуга" газетінде жарияланған) күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әкімшілік-аумақтық құрылыс, жер, халықтың денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, мүгедектерді, ана мен баланы қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Жамбыл аудандық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы: | Ө. Ботаев |
Жамбыл аудандық | |
мәслихаты хатшысы: | Р. Бегалиев |
Жамбыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 27-4 шешімімен бекiтiлген |
Жамбыл ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жамбыл ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидалары (әрi қарай - Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" азақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес әзiрленген.
2. Осы Қағидаларда келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, газбен жабдықтауды, кәрізді, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
қызмет көрсетуші – коммуналдық қызметтерді көрсетумен айналысатын заңды немесе жеке тұлға;
өтiнiш иесi (жеке тұлға) – жеке өзiнiң немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген тұлға;
уәкiлеттi орган – "Жамбыл ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
3. Тұрғын үй көмегi жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жамбыл ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
3) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне.
Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі;
4) алынып тасталды - Жамбыл аудандық мәслихатының 04.02.2014 № 29-3 шешімімен (жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледі).5) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
Ескерту. 3-тармағына өзгеріс енгізілді - Жамбыл аудандық мәслихатының 04.02.2014 № 29-3 шешімімен4. алынып тасталды - Жамбыл аудандық мәслихатының 04.02.2014 № 29-3 шешімімен (жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледі).
5. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Отбасының шектi ұйғарынды шығындардың үлесi отбасының жиынтық табысының 10 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
6. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін, тұрғын жайды пайдаланғаны үшін ақы төлеу жалпы негіздерде жүргізіледі.
Тұрғын үй көмегiн көрсетуге өтiнiш қабылдау ағымдағы тоқсанның iшiнде жүргiзiледi және тоқсанға толығымен тағайындалады.
7. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
2. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi
8. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережелерiнде көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажеттi құжаттар салыстыру үшiн көшiрме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
9. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемiн, коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну ақысын, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан аса алмайды.
10. Тұрғын үй көмегiн алушылар он күн iшiнде қандай да болсын тұрғын үй меншiгi нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендерi туралы және тұрғын үй көмегi мөлшерiне әсер ететiн басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегiн дұрыс емес есептеген жағдайда уәкiлеттi органға хабарлайды.
11. Тұрғын үй көмегiнiң заңсыз алынған сомалары алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.
12. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде келесi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормалары ескерiледi:
1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары:
жеке басты азаматтар үшiн – 30 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
екi және одан да көп адамды отбасына – отбасының әр мүшесiне 18 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
2) электр қуатын тұтыну нормалары (айына):
бiрден бес адамға дейiнгi отбасына – отбасының әрбiр мүшесiне 80 киловатт;
бес және одан да көп мүшелi отбасына – 400 киловатт;
3) газ нормалары (айына):
газ жылыту пеші бар болғанда -7,88 текше метр (1 шаршы метрге);
газбен ас дайындау пеші бар болғанда — 22 текше метр (отбасының әрбір мүшесіне);
сұйытылған газ бар болғанда – 8,2 килограмм (отбасының әрбір мүшесіне).
Коммуналдық қызмет тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополисттiк қызметтi) реттеу бойынша аумақтық уәкiлеттi орган қолданатын, көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды) бекiткен кездегi коммуналдық қызметтердi босату нормаларына баламалы.
3. Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi
13. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемiн, коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну ақысын, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге шығындарды өтеу өтемақы соммалары уәкiлеттi органмен екiншi деңгейдегi банктер арқылы, алушылардың өтiнiштерi бойынша тиiстi қызмет көрсетушiлердiң есеп шотына, ал телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылу өтемақысын абоненттердiң жеке есеп шотына аударылуы мүмкiн.
4. Қорытынды ережелер
14. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.