РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.
2. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Қордай аудандық Мәслихатының 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 41-6 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-5-128 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 146-147 "Қордай шамшырағы" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық Мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық Мәслихат | Аудандық Мәслихаттың |
сессиясының төрайымы | хатшысы |
Ш. Тоқбергенова | Б. Әлімбет |