Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 2 қыркүйектегі N 41-6 Шешімі. Жамбыл облысы Қордай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 қыркүйекте 6-5-128 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 20-6 шешімімен

       Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 21.08.2013 № 20-6 шешімімен

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 - бабының 5 - тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.
      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Аудандық мәслихат сессиясының
      төрағасы, мәслихат хатшысы                 Т. Сүгірбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады