РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекiтiлген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiне» сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2013 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Сарысу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 63 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1908 болып тіркелген, 2013 жылғы 10 сәуірдегі № 28 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасындағы «Қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері» бағанасында «18 660» деген сандар «27 990» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2013 жылдың 1 наурызынан туындайтын қатынастарға таралады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Аукенов Қайрат Қостанайұлына жүктелсін.
Аудан әкімі Қ. Мәдібек
КЕЛІСІЛДІ:
«Жамбыл облысы Жаңатас қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Е. Абдиев
19 тамыз 2013 жыл
«Жамбыл облысының Ішкі істер
Департаменті Сарысу ауданының ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б. Нүркенов
19 тамыз 2013 жыл