Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 25.12.2013 № 26-11 шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
1. «Талас ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы» Талас аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 тамыздағы № 8 – 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1820 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 81 аудандық «Талас тынысы» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
13 – тармағындағы 4 тармақшасы алынып тасталсын
2. Осы шешімінің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың «Тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрағасы Сейдалиев Рашид Мадибековичке жүктелсін.
3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
Д. Маселбеков Ж. Әсемов