Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 31.03.2014 № 25-4 шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Шу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы» Шу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 31 шілдедегі № 8-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-11-130 болып тіркелген, 2012 жылдың 5 қыркүйегінде № 74 «Шу өңірі» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «табысы аз отбасыларына (азаматтарға)» деген сөздер тиісінше «аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шу аудандық мәслихатының әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, аймақты, энергетика, байланыс, әкімшілік-аумақтық құрылысты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
І. Тортаев Б. Саудабаев