Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 03.07.2024 № 165 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабы 2 тармағына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 32 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-1-154 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы N 064 (970) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетiлген шешіммен бекiтiлген Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiнде (бұдан әрі - Ереже):
1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге берiледi.".
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"3. Тұрғын үй көмегі Қарағанды қаласында тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген отбасыларға (азаматтарға), егер тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметіне, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй ауданы нормасының шегінде, бірақ нақты пайдаланатын жалпы ауданнан, және тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну, байланыс қызметтері, сондай-ақ тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге шығындар нормативтерінен көп емес, осы мақсаттарға шекті-жол берілетін шығыстар үлесінен асатын болса беріледі.
Шекті-жол берілген шығыстар үлесі зейнеткерлік жасқа жетпеген мүгедектер (жалғыз тұратын мүгедектер, мүгедектерден тұратын отбасылар, 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедектер, мүгедектер мен олардың күтімімен айналысатын адамдар) үшін отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 8 пайызы мөлшерінде, өзге санаттардағы азаматтар үшін отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді";
8, 9 тармақтар алынып тасталсын;
13-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"13. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап, табыстар және осы тұрғын үйде отбасы құрамының тіркелуі жөніндегі мәліметтерді тоқсан сайын ұсынумен 1 жыл мерзімге тағайындалады.";
17 тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"4) отбасының табыстарын растайтын құжаттар (жұмыссыздар жұмыссыз ретінде тіркеуі туралы уәкілетті органнан анықтама, үш жасқа дейінгі бала күтімімен айналысатын аналар кәсіпкерлік туралы салық органынан анықтама ұсынады). Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысының есептелу тәртібі "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы N 471 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 7412 болып тiркелген) белгіленген;";
17-тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"7) коммуналдық қызметтерді пайдалану жайлы шоттар, үйдің жалпы аумағының өлшемін растайтын техникалық төлқұжат, көлемдік немесе баллонды газды алуға есеп шот (түбіртек, анықтама), қатты отын алуға шот (анықтамалар, жүкқұжаттар, шот-фактуралар);";
17-тармақтың 10) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"10) жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнының түбіртек-шоты;";
20-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"20. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.";
21-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"21. Тұрғын үй көмегінің көлемі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерге, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының және телекоммуникация қызметін көрсетуге абоненттiк төлемақы тарифтерінің өсуі бөлігінде байланыс қызметінің, жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнының шығындарына нақты есептелген төлемнен аса алмайды.";
24-тармақтың 1) және 2) тармақшалары алынып тасталсын.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұқтаров).
3. Осы шешім, 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болатын, жекешелендiрiлген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету бөлігінде Ереженің 1 тармағының бесінші абзацын, 3 тармағын, 17 тармағының 10) тармақшасын, 20 тармағын, 21 тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
V шақырылған Қарағанды | |
қалалық мәслихатының кезекті | |
ХV сессиясының төрайымы | Ю. Бадина |
Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы | Қ. Оспанов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Қарағанды қаласының жұмыспен қамту | |
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | |
Ж. Ысқақов |
2013 жылғы 20 ақпан