Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жаңа

Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 3 шілдедегі № 165 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 шілдеде № 6622-09 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға А. Букенов

  Қарағанды қалалық мәслихатының
2024 жылғы 3 шілдедегі
№ 165
шешіміне 1- қосымша

Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қарағанды қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісін уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелді) (бұдан әрі - Тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақыны ұлғайту бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жергілікті атқарушы органның жеке меншік тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді пайдалануға арналған шығыстарды төлеу сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады және мүгедектігі бар адамдар үшін отбасы шығыстарының жол берілетін шекті деңгейімен, зейнеткерлік жасқа толмағандар (мүгедектігі бар жалғыз тұратын адамдар, мүгедектігі бар адамдардан тұратын отбасылар, 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар адамдар және оларға күтім жасаумен айналысатын адамдар) отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 3 пайыз мөлшерінде белгіленеді, қалған санаттар үшін отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 4 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

      6. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 тіркелді) сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не сенімхатқа, заңнамаға, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсына отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсан ішінде жүргізіледі, бұл ретте аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы және кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйді пайдалануға жұмсалған ай сайынғы жарналардың шығыстары алдыңғы тоқсан үшін есепке алынады.

      9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі не "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясынан немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап бас тарту туралы дәлелді жауап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      10. Тұрғын үй көмегін жеткізушілер ұсынған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған ай сайынғы жарналар туралы шоттар және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша көрсетіледі.

      11. Тұрғын үй көмегін тағайындау қала бюджетінде тиісті қаржы жылына арналған көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      12. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

  Қарағанды қалалық мәслихатының
2024 жылғы 3 шілдедегі
№ 165
шешіміне 2 қосымша

Мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған II сессиясының 2012 жылғы 16 сәуірдегі "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 32 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-154 болып тіркелді).

      2. Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған ХV сессиясының 2013 жылғы 20 ақпандағы № 138 "V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуiрдегi II сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiн бекiту туралы" N 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2230 болып тіркелді).

      3. Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған ХVII сессиясының 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 153 "V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуiрдегi II сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiн бекiту туралы" N 32 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2333 болып тіркелді).

      4. Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған ХХІІ сессиясының 2013 жылғы 7 тамыздағы № 197 "V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі ІІ сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2383 болып тіркелді).

      5. Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған XXXIX сессиясының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 338 "V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі II сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2739 болып тіркелді).

      6. Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған L сессиясының 2015 жылғы 23 қазандағы № 498 "V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі II сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3500 болып тіркелді).

      7. Қарағанды қалалық мәслихатының VI шақырылған XXVII сессиясының 2018 жылғы 18 шілдедегі № 308 "V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі II сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 32 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4883 болып тіркелді).

      8. Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 461 "V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі II сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5560 болып тіркелді).

      9. Қарағанды қалалық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 29 "V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының II сессиясының 2012 жылғы 16 сәуірдегі "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6272 болып тіркелді).

      10. Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 мамырдағы № 31 "Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 32 "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6417-09 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады