Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 17.05.2013 N 19/01 қаулысымен.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы N 1392 Қаулысына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Саран қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) белгіленген заңды тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Мейрам Мұратұлы Қожықовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саран қаласының әкімі С. Касимов
Саран қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 24 қаңтардағы N 03/03
қаулысымен бекітілген
"Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттiк қызмет регламентi
1. Негiзгi ұғымдар
1. Осы Регламентте келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi орган - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
2) жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжат - осылардың негiзiнде жер учаскесiне құқықтар туындайтын, өзгертiлетiн немесе тоқтатылатын заңдық фактiлердiң (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның iшiнде шарттар, соттардың шешiмдерi, атқарушы органдардың құқықтық актiлерi, мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк, меншiк құқығымен жер учаскесiне иеленген немесе уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттiк емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезiндегi табыстау актiсi немесе бөлу балансы;
3) кадастрлық (бағалау) құны - мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны;
2. Жалпы ережелер
2. Осы "Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік қызметін (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) байланыс деректерi осы регламентке 1-қосымшада көрсетiлген "Саран қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетедi.
3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 14-1-бабының, "Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы N 1392 қаулысының негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) уәкілетті органның стенділерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады;
2) уәкілетті органның sar_zemly@krg.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы бекiтілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет алушы осы регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні;
2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;
3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.
9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
10. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндері.
Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер, өтініш бланкілері бар тағандар орналастырылады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (пандус, лифт) көзделген.
12. Мемлекеттік қызмет алушы осы регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
Мемлекеттік қызмет алушыға көрсетілген өтінім келіп түскен күнінен бастап бір күн ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін бекітуді тоқтатуға себеп болған құжатты, рәсімдеудің тоқтатылуын жоюға мемлекеттік қызмет алушының қажетті іс-әрекетерін көрсете отырып және оның мерзімі туралы жазбаша хабардар етеді.
Уәкілетті орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет алушыға бекiтілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін немесе қызмет беруден бас тарту туралы уәжделген жауап бермеген жағдайда, онда беру мерзімінің өткен күнінен бастап жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі бекітілді деп есептеледі.
13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет қорытындысын берген сәтке дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
1) мемлекеттік қызметті алушы уәкiлеттi органға өтiнiш бередi;
2) уәкiлеттi органның жауапты қызметкерi құжаттар пакетін қабылдайды, оларды тiркеу журналында тiркейдi және құжаттарды алғандығы туралы растама бередi;
3) уәкiлеттi органның басшысы жеке меншiк құқығына актiге қол қояды және уәкілетті тұлғаға жолдайды;
4) уәкiлеттi органның уәкілетті тұлғасы бекітілген актіні мемлекеттік қызметті алушыға бередi.
14. Орталықта және уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ең аз тұлғалар саны бір қызметкерді құрайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әрекет ету (өзара әрекет ету) тәртібінің сипаттамасы
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) осы регламеттің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызметті алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлғалар үшін;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі – заңды тұлғалар үшін;
4) осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорынмен есептелген жер учаскесінің бағалау құнын айқындау актісі;
5) тиісті жергілікті атқарушы органдармен құрылған жер учаскесіне құқық беру туралы жер комиссиясының оң қорытындысының көшірмесі.
Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін қайтарылады.
15. Өтініш бланкілері уәкілетті органның кеңсе қызметкерлерімен беріледі.
16. Құжаттарды қабылдау осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті органның уәкілетті қызметкері жүзеге асырады.
17. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушыға осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:
1) сұраудың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
18. Бекiтілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі мемлекеттік қызмет алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға беріледі.
19. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
1) уәкілетті органның басшысы;
2) уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы.
20. Әр әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімді) орындау мерзімін көрсетумен әр ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдерінің) дәйектілігінің және өзара іс-қимыл етуінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 4-қосымшада келтірілген.
21. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттер және ҚФБ қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 5-қосымшада келтірілген.
5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
22. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін уәкілетті органның басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлға) жауапты тұлға болып табылады.
Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімдерде мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасына және іске асыруға жауапты болады.
"Мемлекет жеке меншікке сататын
нақты жер учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту" мемлекеттiк қызмет регламентiне
1-қосымша
"Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша уәкілетті органның тізбесі
Жер қатынастары саласында мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және мамандандырылған кәсiпорынның атауы |
Орналасқан жерi, мекенжайы, электрондық мекенжайы |
Байланыс телефоны |
Жұмыс кестесi |
1 |
2 |
3 |
4 |
"Саран қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесi |
101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесi, 67, N 111 кабинет sar_zemlyago@krg.gov.kz |
тел.ф. 8-721-37-4-44-03 |
Күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа |
"Мемлекет жеке меншікке сататын
нақты жер учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту" мемлекеттiк қызмет регламентiне
2-қосымша
"Саран қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ бастығы
_________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
_________________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
_________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның жеке
_________________________________________
басын куәландыратын құжаттардың
_________________________________________
деректемелері, байланыс телефоны,
_________________________________________
мекенжайы)
Өтініш
________________________________________________________ мекенжайында
(жер учаскесінің орналасқан жері)
орналасқан жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін бекітуіңізді сұраймын.
Күні ____________ |
Өтініш беруші __________________ |
(жеке немесе заңды тұлғаның не |
|
___________________________ |
|
уәкілетті тұлғаның тегі, аты, |
|
___________________________ |
|
әкесінің аты, қолы)) |
"Мемлекет жеке меншікке сататын
нақты жер учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту" мемлекеттiк
қызмет регламентiне
3-қосымша
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі
1. Акті азамат (ша) өтінімі негізінде жасалды
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
заңды тұлғаның
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________________ жер учаскесін бағалауға байланысты өтінімі негізінде жасалады.
2. Жер учаскесінің пайдалану мақсаты: _______________________________
_____________________________________________________________________
3. Жер учаскесінің орналасқан жері: _________________________________
_____________________________________________________________________
4. Жер учаскесінің бағалау құнының есебі (жер пайдалану құқығы)
Аймақ нөмірі (елді мекен жерлеріне), алқап түрлері, топырақтың үлгісі (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге) |
Көлемі |
Базалық ставкасы |
Түзету коэффициенті |
Бағалау құны |
барлығы |
5. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны
__________________________________________________________ құрайды.
(жазбаша сомасы)
Осы акт анықталды ___________________________________________________
(жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынның атауы)
М.О. ______________ _________________________________________________
(қолы) (басшының тегі, аты, әкесінің аты)
М.О. ____________ ___________________________________________________
(қолы) (уәкілеті орган бастығының тегі, аты, әкесінің аты)
Күні "____" ____________
"Мемлекет жеке меншікке сататын
нақты жер учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту" мемлекеттiк қызмет регламентiне
4-қосымша
Әр әкімшілік іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсетіп әр ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің дәйектілігінің және өзара іс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы
1 кесте. ҚФБ іс-әрекеттерін сипаттау
р/р |
Негiзгi үдерiстiң iс-әрекеттерi (жұмыс барысы, ағыны) |
|||
1. |
Iс-әрекеттiң (жұмыс барысының, ағынының) N |
1 |
2 |
3 |
2. |
ҚФБ атауы |
ҚФБ 1. Уәкiлеттi органның уәкілетті тұлғасы |
ҚФБ 2. Уәкiлеттi органның басшысы |
ҚФБ 1. Уәкiлеттi органның уәкілетті тұлғасы |
3. |
Iс-әрекеттiң (үдерiстiң, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы |
Құжаттарды қабылдау, оларды тiркеу журналында тiркеу |
Актіні бекітеді |
Актіні беру журналында тіркеу |
4. |
Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар) |
Мемлекеттік қызметті алушыға құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру |
Уәкiлеттi органның уәкілетті тұлғасына актіні беру |
Мемлекеттік қызметті алушыға акті беру |
5. |
Орындау мерзiмдерi |
30 минут |
1 жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
6. |
Келесi iс-әрекеттiң нөмiрi |
2 |
3 |
- |
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негiзгi үдерiс.
р/р |
Негiзгi үдерiстiң iс-әрекеттерi (жұмыс барысы, ағыны) |
|||
1. |
Iс-әрекеттiң (жұмыс барысының, ағынының) N |
1 |
2 |
3 |
2. |
ҚФБ атауы |
ҚФБ 1. Уәкiлеттi органның уәкілетті тұлғасы |
ҚФБ 2. Уәкiлеттi органның басшысы |
ҚФБ 1. әкiлеттi органның уәкілетті тұлғасы |
3. |
Iс әрекеттiң (үдерiстiң, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы |
Құжаттарды қабылдау, оларды тiркеу журналында тiркеу |
Мемлекеттік қызметті беруден бас тарту туралы уәжделген жауап дайындау |
Актіні беру журналында актіні бекітуді тоқтата тұру туралы жазбаша хабарламаны тіркеу |
4. |
Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар) |
Құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру |
Уәкiлеттi органның уәкілетті тұлғасына мемлекеттік қызметті беруден бас тарту туралы уәжделген жауап беру |
Жазбаша хабарламаны мемлекеттік қызметті алушыға беру |
5. |
Орындау мерзiмдерi |
30 минут |
1 жұмыс күнінің ішінде |
1 жұмыс күнінің ішінде |
6. |
Келесi iс-әрекеттiң нөмiрi |
2 |
3 |
- |
"Мемлекет жеке меншікке
сататын нақты жер учаскелерінің
кадастрлық (бағалау) құнын бекіту"
мемлекеттiк қызмет регламентiне
5-қосымша