Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 12.12.2013 N 279 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Саран қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 365 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-7-101 болып тіркелген, 2010 жылы 29 қаңтарда N 4 "Ваша газета" газетінде жарияланған), келесі өзгертулер енгізілсін:
1) 1-тармақтың 14) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"14) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне, 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсан айы аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүріп жатқан басқа да елдерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметкерлерге;";
2) 1-тармақтың 15) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"15) Балаларды қорғау күні мерекесіне, мүгедек-балаларға;";
3) 1-тармақтың 16) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"16) Мүгедектер күні мерекесіне, 1, 2, 3 топ мүгедектеріне.
Мерекелік күндерге әлеуметтік көмекті төлеу Саран қаласының мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ұсынған тізім негізінде жүргізілсін;";
4) 1-тармақтың 19) тармақшасындағы "салық төлеушінің тіркелу номері, әлеуметтік жеке кодының номері," сөздері алып тасталсын;
5) 1-тармақтың 23) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"23) амбулаторлық емделу мерзімінде туберкулезбен ауыратын азаматтарға жыл сайынғы бір жолғы көмек.
Жыл сайынғы бір жолғы көмекті алу үшін өтініш беруші өтінішті келесі құжаттармен қоса ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) медициналық мекемеден анықтама;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымның немесе екінші деңгейлі банкте ашылған жеке шотының көшірмесі.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Г.С. Беделбаеваға және Саран қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын қорғау заңдылықтары және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Т. Томчак
Мәслихат хатшысы Р. Бекбанов