Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 12.12.2013 N 279 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 1999 жылғы 7 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарының негізінде, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, әлеуметтік төлем сомаларына сәйкес, тиісті банктік операциялар түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің лицензиясы бар алушының қалауы негізінде, екінші деңгейлі банкі арқылы төмендегі азаматтар санатына әлеуметтік төлемдердің тиісті сомалары тағайындалып, аударылсын:
1) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне, бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңінде, сондай-ақ бұрыңғы КСР Одағын қорғау жөніндегі басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия, флот құрамына кірген бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшілерге, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілеріне, бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, партизандар мен астыртын күрес жүргізушілер қатарында болған мүгедектерге, сондай-ақ бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезінде май данда, ұрыс қимылдары жүргізілген аудандарда, майдан маңындағы темір жол учаскелерінде, қорғаныс шептерін, әскери – теңіз базалары мен әуежайларды салу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әрі зейнетақымен қамсыздандырылуы жағынан әскери қызметшілерге теңестірілген жұмысшылар мен қызметшілерге;
2) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне, бұрыңғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қорғанысқа қатысу майданындағы армия бөлімдерінің әскери қызметкерлері, сондай-ақ басқарушы және қатардағы құрам тұлғалары үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі есептелген және қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер, сондай–ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының, Кеңестік армия, Әскери – теңіз флотының, Ұлы Отан соғысы кезінде армия құрамына енген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымды атқарған, немесе осы мерзімдерде қалалардың қорғанысына қатысқан, ерікті жалданбалы құрамында болған қолданыстағы армияның әскери қызметкерлер үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін, еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі есептелген әскери қызметшілері үшін;
3) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне, екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлер, гетто және басқа еркінен тыс қамауда болған бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарға;
4) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне, Ленинград қаласында қоршау кезеңінде өндірістерде, мекеме, ұйымдарда жұмыс істегендерде және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен, "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға;
5) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы КСР Одағының батыл еңбегі және әскери қызметі үшін ордендер мен медальдармен марапатталған адамдар, сондай ақ 1988–1989 жылдары Чернобыль АЭС-дағы апаттық зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еріктерімен көшкен) адамдар және қоныс аударған күні анасының құрсағындағы балаларға;
6) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған (өлген, хабар–ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ата–аналарына;
7) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне, соғыста қаза болған мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне) және соларға теңестірілген мүгедектерге, сондай–ақ "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғынына" белгісімен марапатталған, екінші некеге отырмаған, жалпы ауру нәтижесінде, еңбектің зардабы және басқа (құқыққа қарсыларынан басқа) себептермен мүгедек болып қалған, қаза болған азаматтардың, партизандардың, астыртын жауынгерлердің әйелдеріне (күйеулеріне);
8) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында алты айдан аса жұмыс істеген (қызмет атқарған) азаматтарға және Ұлы Отан соғысы жылдарында тыл жауынгерлерінің ерен еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы КСР Одағының ордендері және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға;
9) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне, әскери қызметкерлердің, қаза болғандардың (хабар–ошарсыз кеткендердің), немесе Ауғанстанда немесе басқа да әскери әрекеттер болған мемлекеттерде әскери борыштарын өтеу кезінде жараланған, зақым алған, мүгедек болып қалған, ауруға ұшырағандардың отбасыларына, бейбіт өмірде әскери қызметін өтеу кезінде қайтыс болған (өлген) әскери қызметкерлердің отбасыларына;
10) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне, бұрыңғы КСР Одағының үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес, басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Кеңестік армияның, Әскери – теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде), бұрыңғы КСР Одағының үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес, басқа мемлекеттердің аумағында әскери әрекеттерге қатысқан; әскери әрекеттерді жүргізу кезінде оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге; әскери әрекеттерді жүргізу кезінде Ауғанстанға жүктерді жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметкерлеріне; бұрыңғы КСР Одағы аумағынан Ауғанстанға әскери тапсырмалар үшін ұшу құрамының әскери қызметкерлеріне; Ауғанстанда кеңестік әскери құрамға қызмет еткен, әскери әрекеттерді қамтамасыз етуге қатысқан, бұрыңғы КСР Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған, немесе жарақаттанған, зақымданған, мүгедек болып қалған жұмысшылар мен қызметкерлерге, сондай–ақ 1986–1987 жылдары Чернобыль АЭС-ындағы апаттық, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға;
11) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шет елдердің аумағында партизан отрядтары құрамында жасырын топтарымен басқа да антифашистік құрылымдарда болған фашистік Германияға және оның одақтастарына қарсы әскери әрекеттерге қатысқан тұлғаларға;
12) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне, бұрыңғы КСР Одағын қорғау кезінде жараланған, зақым алған, ауруға ұшыраған, мүгедек болып қалған және майданда болуына байланысты ауруға ұшырағандар, сондай-ақ Ауғанстанда немесе басқа да әскери әрекеттер болған мемлекеттерде әскери борыштарын өткізген әскери қызметкерлерге;
13) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне, бұрыңғы КСР Одағының Ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарына әскери міндетін өтеу жиындарына шақырылған басқарушы және қатардағы құрамда болған, қызметтік міндеттерін атқару жолында жараланған, зақым алған, ауруға ұшыраған, мүгедек болып қалған және майданда болуына байланысты, ауруға ұшыраған адамдарға;
14) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне, 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсан айы аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүріп жатқан басқа да елдерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметкерлерге;
15) Балаларды қорғау күні мерекесіне, мүгедек-балаларға;
16) Мүгедектер күні мерекесіне, 1, 2, 3 топ мүгедектеріне.
Мерекелік күндерге әлеуметтік көмекті төлеу Саран қаласының мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ұсынған тізім негізінде жүргізілсін;
17) қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүріп-тұруына зейнетақы және жәрдемақы көлемдері Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген зейнетақының минималды көлемінен аспайтын, жасына қарай зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушыларға әлеуметтік көмек көрсету;
18) 1, 2 топ мүгедектеріне қаланың қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) жүріп-тұруына әлеуметтік көмек көрсету;
19) көз ауруы бойынша 1 топтағы мүгедектерге және кресло-арбалармен жүретін 1, 2 топ мүгедектеріне мүгедектердің арнайы көлігінің көліктік қызметтерінің төлемдеріне жүріп-тұруға әлеуметтік көмек көрсету.
Жүріп-тұруға арналған әлеуметтік көмекті тағайындау өтініш берген айдан бастап, ай сайын жүргізілсін және мүгедектікті белгілеген ай мерзімінің аяқталуымен тоқтатылсын. Төлемдердің қайтадан басталуы медициналық-әлеуметтік сараптау қортындысын ұсынған айдан бастап жүргізілсін.
Әлеуметтік көмек төлемдері Саран қаласының Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығымен берілген тізім негізінде, қоса ұсынған жазбаша өтініші, жеке куәлігі көшірмесі, екінші деңгейлі банктің шот номері, медициналық-әлеуметтік сараптау қортындысымен берілген, мүгедектігі туралы анықтамалары, мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасымен жүргізілсін (медициналық-әлеуметтік сараптау қортындысымен берілген, мүгедектігі туралы анықтамасында кресло-арбамен қамтамасыз ету жайлы жазбасы жоқ, кресло-арбаны пайдаланатын мүгедектер үшін).
Жүріп-тұруға арналған әлеуметтік төлем тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айында жүргізілсін. Жүріп-тұруға арналған әлеуметтік көмек төлемі, 17), 18), 19) тармақшаларда көрсетілген негіздердің біреуі бойынша жүргізілсін;
20) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектеріне, коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған әлеуметтік көмек.
Коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған әлеуметтік көмек төлемдері Саран қаласының Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ұсынған тізім негізінде жүргізілсін;
21) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған қала азаматтарына, бағаның өсуіне байланысты әлеуметтік көмек;
22) 18 жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік балалар жәрдемақыларын алушыларға, бағаның өсуіне байланысты әлеуметтік көмек.
Бағаның өсуіне байланысты, әлеуметтік көмек төлемі мемлекеттік атаулы көмек алушылар тізімі, мемлекеттік балалар жәрдемақысын алатын 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар тізімі негізінде, ай сайын жүргізілсін. Бағаның өсуіне байланысты, әлеуметтік көмек төлемі, 21), 22) тармақшаларда көрсетілген негіздердің біреуі бойынша жүргізілсін;
23) амбулаторлық емделу мерзімінде туберкулезбен ауыратын азаматтарға жыл сайынғы бір жолғы көмек.
Жыл сайынғы бір жолғы көмекті алу үшін өтініш беруші өтінішті келесі құжаттармен қоса ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) медициналық мекемеден анықтама;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымның немесе екінші деңгейлі банкте ашылған жеке шотының көшірмесі.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2013 жылғы 25 сәуірдегі N 180 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Ұлы Отан соғысының Жеңісі мерекесі, Мүгедектер күні мерекесі, Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңына материалдық көмекке құқығы бар болған жағдайда, төлем бір негіз бойынша ғана жүргізілсін.
3. Әлеуметтік көмек төлемі жәрдемақыға құқығын жоғалтқан айдан немесе алушының қайтыс болуынан кейін тоқтатылады.
4. Қалалық қаржы бөлімі (Р.Б. Малшыбековаға) 007 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" бағдарламасы бойынша осы мақсаттарға қала бюджетінде қарастырылған қаржы шегінде, жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсету бойынша шараларды уақытында қаржыландыру қамтамасыз етілсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және бюджеттік жоспарлау бойынша тұрақты комиссияға – К.Қ. Сатоваға, әкімнің орынбасарлары – М.Е. Блокқа, Л.Н. Кимге жүктелсін.
6. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң күшіне енеді, ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.
Сессия төрағасы К. Сатова
Мәслихат хатшысы Р. Бекбанов