Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 17.05.2013 N 19/01 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 22 қарашадағы N 43/11 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2051 болып тіркелген, 2012 жылы 27 желтоқсанда N 52 жарнамалық-ақпараттық "Спутник" апталығында жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік тілдегі "Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу" регламенттің 13-тармағының 5) тармақшасы "әкімдердің" сөзінен кейін "анықтамасы" сөзімен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Серікқызы Беделбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Саран қаласының әкімі С. Касимов