Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тiзбесi бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Н.Б. Рыстинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі А. Аглиулин
Шахтинск қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 2 мамырдағы
N 12/3 қаулысына
қосымша
Халықтың нысаналы топтарына жататын
тұлғалардың қосымша тiзбесi
N |
Санаттың атауы |
1. |
Елу жастан асқан тұлғалар. |
2. |
Ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (бір жыл және одан көп). |
3. |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінің түлектері. |
4. |
Алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі және өтілі жоқ жастар (кәсіби лицейлерді, колледждерді, жоғарғы оқу орындарын бітіргеннен кейін). |