Шахтинск қаласында 2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 2 мамырдағы N 12/3 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 3 маусымда N 2340 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тiзбесi бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Н.Б. Рыстинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 А. Аглиулин

Шахтинск қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 2 мамырдағы
N 12/3 қаулысына
қосымша

Халықтың нысаналы топтарына жататын
тұлғалардың қосымша тiзбесi

N

Санаттың атауы

1.

Елу жастан асқан тұлғалар.

2.

Ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (бір жыл және одан көп).

3.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінің түлектері.

4.

Алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі және өтілі жоқ жастар (кәсіби лицейлерді, колледждерді, жоғарғы оқу орындарын бітіргеннен кейін).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады