Сотталғандарға негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 ақпандағы N 05/14 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 наурызда N 2271 болып тіркелді

      1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42-бабы 1-тармағына, 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес сотталғандарға негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлері белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Абай ауданының әкімі
Е. Нашаров

      

  Абай ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 21 ақпандағы
N 05/14 қаулысына
қосымша

Сотталғандарға негізгі жұмыстан немесе оқудан
бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлері

      1. Аумақты мұздан тазарту
      2. Аумақтардан және шатырлардан қарды жинау
      3. Аумақты қоқыстан тазарту
      4. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту
      5. Аумақты арам шөптерден тазарту
      6. Ағаштарды және бұталарды кесу, ағарту, отырғызу
      7. Қоршауларды жөндеу және бояу
      8. Ғимараттарды ақтау, бояу
      9. Гүл клумбаларын бөлу
      10. Көгалдарды қайта қазу
      11. Құрылыс қоқыстарын жинау
      12. Бордюрлерді ақтау
      13. Картоп жинау және іріктеу
      14. Шабындық
      15. Шөп шабу
      16. Жемшөп дайындау
      17. Әлеуметтік сипаттағы жекелеген азаматтардың санаттарына қызметтер көрсету
      18. Пошталық хат-хабарлар жеткізу
      19. Тиеу-түсіру жұмыстары
      20. Жылу маусымына дайындық бойынша жұмыстар
      21. Автокөліктерді жуу
      22. Үй-жайларды жинау
      23. Қоғамдық тамақтану және сауда кәсіпорындарында қосалқы жұмыстар
      24. Объектілер құрылысы және қайта жаңарту кезінде қосалқы жұмыстар

Об определении видов бесплатных общественно полезных работ осужденным в свободное от основной работы или учебы время

Постановление акимата Абайского района Карагандинской области от 21 февраля 2013 года N 05/14. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 28 марта 2013 года N 2271

      В соответствии с пунктом 1 статьи 42 Уголовного кодекса Республики Казахстан от 16 июля 1997 года, статьей 30 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 13 декабря 1997 года и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Абайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить виды бесплатных общественно полезных работ осужденным в свободное от основной работы или учебы время согласно приложению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Джунуспекову Асем Айтжановну.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Абайского района                      Е. Нашаров

Приложение
к постановлению акимата
Абайского района
от 21 февраля 2013 года N 05/14

Виды бесплатных общественно полезных работ осужденным
в свободное от основной работы или учебы время

      1. Очистка территории от наледи
      2. Уборка снега с крыш и территорий
      3. Очистка территории от мусора
      4. Очистка территории от бытовых отходов
      5. Очистка территории от сорняка
      6. Обрезка, побелка, посадка деревьев и кустарников
      7. Ремонт и покраска изгороди
      8. Побелка, покраска зданий
      9. Разбивка цветочных клумб
      10. Перекопка газонов
      11. Уборка строительного мусора
      12. Побелка бордюр
      13. Уборка и переборка картофеля
      14. Сенокос
      15. Выкашивание травы
      16. Заготовка кормов
      17. Оказание услуг социального характера отдельным категориям граждан
      18. Доставка почтовой корреспонденции
      19. Погрузочно-разгрузочные работы
      20. Работы по подготовке к отопительному сезону
      21. Мытье автомобилей
      22. Уборка помещений
      23. Подсобные работы на предприятиях торговли и общественного питания
      24. Подсобные работы при строительстве и реконструкции объектов