1. Қосымшаға сәйкес сотталғандарға негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлері белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | Е. Нашаров |
Абай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 ақпандағы N 05/14 қаулысына қосымша |
Сотталғандарға негізгі жұмыстан немесе оқудан
бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлері
1. Аумақты мұздан тазарту2. Аумақтардан және шатырлардан қарды жинау
3. Аумақты қоқыстан тазарту
4. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту
5. Аумақты арам шөптерден тазарту
6. Ағаштарды және бұталарды кесу, ағарту, отырғызу
7. Қоршауларды жөндеу және бояу
8. Ғимараттарды ақтау, бояу
9. Гүл клумбаларын бөлу
10. Көгалдарды қайта қазу
11. Құрылыс қоқыстарын жинау
12. Бордюрлерді ақтау
13. Картоп жинау және іріктеу
14. Шабындық
15. Шөп шабу
16. Жемшөп дайындау
17. Әлеуметтік сипаттағы жекелеген азаматтардың санаттарына қызметтер көрсету
18. Пошталық хат-хабарлар жеткізу
19. Тиеу-түсіру жұмыстары
20. Жылу маусымына дайындық бойынша жұмыстар
21. Автокөліктерді жуу
22. Үй-жайларды жинау
23. Қоғамдық тамақтану және сауда кәсіпорындарында қосалқы жұмыстар
24. Объектілер құрылысы және қайта жаңарту кезінде қосалқы жұмыстар