Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 12.09.2024 № 23/216 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 маусымдағы 6 сессиясының N 6/59 "Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-9-137 болып тіркелген, 2012 жылғы 14 шілдедегі N 26 (3927) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған), Абай аудандық мәслихатының 14 сессиясының 2013 жылғы 13 ақпандағы N 14/145 "Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 маусымдағы 6 сессиясының N 6/59 "Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2222 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 наурыздағы N 14 (3965) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің (бұдан әрі - Ереже) 3-тармағы келесі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
"Топар кентінде және Көксу ауылдық округінің Жартас ауылында тұрақты тұратын, орталық жылытуы бар отбасыларға (азаматтарға) шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысына 10 пайыз мөлшерінде анықталады.";
2) Ереженің 4-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
3) Ереженің 11-тармағындағы "осы Ереженің 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй ауданының нормаларына сәйкес" сөздері алынып тасталсын;
4) Ереженің 12-тармағы алынып тасталсын;
5) Ереженің 15-тармағындағы "алуға" сөзі "алу құқығына" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г. Бахраева |
Абай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Цай |
КЕЛІСІЛДІ | |
"Абай ауданының экономика | |
және бюджеттік жоспарлау | |
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің | |
басшысы | Б. Муталяпова |
20.06.2013 ж. | |
"Абай ауданының жұмыспен қамту | |
және әлеуметтік бағдарламалар | |
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің | |
басшысы | З. Шакентаев |
20.06.2013 ж.