РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 02.05.2013 N 12/02 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" N 745 қаулысына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Нөкешке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай ауданының әкімі С. Әбеуова
Ақтоғай ауданы әкiмдiгiнiң
2013 жылғы 30 қаңтардағы
N 03/09 қаулысымен
бекiтiлген
"18 жасқа дейiнгi балалары бар
отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау"
мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi
1. Негiзгi ұғымдар
1. Осы "18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiнде (бұдан әрi - Регламент) келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi - ҚФБ) - бұл уәкiлеттi органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерi, мемлекеттiк органдар, ақпараттық жүйелер немесе оларға бағынысты жүйелер;
2) 18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрi - балаларға арналған жәрдемақы) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыста белгiленген азық-түлiк себетiнiң құнынан төмен 18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттен ақшалай нысанда берiлетiн төлем;
3) 18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау және төлеу бойынша уәкiлеттi орган – "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган);
4) орта есеппен жан басына шаққандағы табыс – отбасының жиынтық табысының отбасының әрбiр мүшесiне ай сайын келетiн үлесi;
5) тұтынушы – жеке тұлғалар: жан басына шаққандағы орташа табысы азық–түлiк себетi құнынан аспайтын, 18 жасқа дейiнгi балалары бар, Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар;
6) халыққа қызмет көрсету орталығы – жеке және (немесе) заңды тұлғаларға "жалғыз терезе" қағидаты бойынша өтiнiштердi қабылдау және құжаттарды беру жөнiнде мемлекеттiк қызметтер көрсетiлуiн ұйымдастыруды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттiк кәсiпорын (бұдан әрi - орталық).
2. Жалпы ережелер
2. "18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау" мемлекеттiк қызметi – орташа жан басына шаққандағы табысы азық – түлiк себетiнiң құнынан төмен отбасыларға ақшалай түрде көмек көрсету мақсатында уәкiлеттi органмен жүзеге асырылатын әкiмшiлiк рәсiм.
3. Мемлекеттiк қызметтi уәкiлеттi орган және халыққа қызмет көрсету орталығы ұсынады (баламалы негiзде).
Тұрғылықты жерiнде уәкiлеттi орган болмаған жағдайда, өтiнiш берушi мемлекеттiк қызметтi алу үшiн кенттiң, ауылдық (селолық), ауылдық селолық округтiң (бұдан әрi – ауылдық округтiң әкiмi) әкiмiне жүгiнедi.
4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Осы мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Заңының 4-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 2 қарашадағы "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" N 1092 қаулысымен бекiтiлген, Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесiнiң 2-тарауына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" N 745 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" N 394 қаулысына сәйкес көрсетiледi.
6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi өтiнiш берушiге 18 жасқа дейiнгi балаларға жәрдемақы тағайындау туралы қағаз жеткiзгiштегi хабарлама (бұдан әрi - хабарлама) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап болып табылады.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбiне талаптар
7. Уәкiлеттi органның орналасқан жерi: 100200, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы, Бөкейхан көшесi 7, "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi, телефон: 8 (71037) 21416, факс: 8 (71037) 21290, электронды поштаның мекен-жайы: enbek2011@mail.ru., ауылдық округтер әкiмдерiнiң мекен-жайлары осы Регламентке 1 қосымшада көрсетiлген.
Жұмыс кестесi: демалыс күндерi (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
Орталықтың орналасқан жері: 100200, Қарағанды облысы, Ақтоғай аудандық N 1 бөлімі "Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының филиалы, мекен-жайы: 100200, Ақтоғай селосы, Бөкейхан көшесі, 10, телефон 8 (71037) 21105, электронды поштаның мекен-жайы: aktogaycon@maіl.ru; Ақтоғай аудандық N 2 бөлімі "Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының филиалы, мекен-жайы: 100314, Сарышаған кенті, Абай көшесі, 12, телефон 8 (71038) 22338.
Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, орталық филиалдары мен өкілдіктерінде – демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз "электронды" кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі жөніндегі толық ақпарат "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің http://www.aktogay.kz интернет-ресурсында, уәкілетті органның, орталықтың, кент әкімінің стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) тұтынушының осы Регламенттің 13-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету уақыты:
уәкілетті органға – он жұмыс күні ішінде;
тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне – күнтізбелік отыз күннен аспайды;
орталыққа – күнтізбелік он күн ішінде (мемлекеттік қызметке құжат қабылдау және беру (нәтиже) күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің жол берілетін ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге уәкілетті органда, ауылдық округтің әкімі 15 минуттан, орталықта 30 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты уәкілетті органда, ауылдық округ әкімі 15 минуттан аспайды, орталықта – 30 минут.
10. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартылады:
1) егер әкесі немесе анасы (асырап алушылар) бірінші, екінші топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейінгі баланың күтімімен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың еңбекке жарамды ата-анасы (асырап алушылар) жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскерде қызметін өткермейтін және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген болса;
2) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінің белгіленген құнынан асып тұрған жағдайда.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату үшін мыналар негіздеме болып табылады:
баланың қайтыс болуы;
баланы толық мемлекет қарауына алу;
тұтынушының жәрдемақыны заңсыз тағайындауға әкеп соқтыратын жалған мәліметтерді беруі;
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу, асырап алуды заңсыз деп тану немесе жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өздерінің міндеттерін орындаудан босату немесе шеттету;
құжаттардың рәсімделуінде қателер анықталған кезде, осы Регламенттің 13-тармағында көзделген құжаттар пакетін толық ұсынбаған және құжаттар дұрыс ресімделмеген жағдайда құжаттар пакетін алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде қайтарады және кейіннен тұтынушыға беру үшін орталыққа жібереді;
мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер көзделмеген.
11. Тұтынушыдан мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш түскен сәттен бастап мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
1) тұтынушы уәкілетті органға, орталыққа немесе ауылдық округ әкіміне өтініш береді;
2) орталық өтінішті тіркеуді жүргізеді және уәкілетті органға береді;
3) уәкілетті орган немесе ауылдық округ әкімі өтінішті тіркеуді жүргізеді және құжаттарды учаскелік комиссияға береді;
4) учаскелік комиссия тұтынушының (оның отбасының) материалдық жағдайына тексеріс жүргізеді, жәрдемақы тағайындау және төлеу бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акті жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны (бұдан әрі – қорытынды) уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне береді;
5) ауылдық округ әкімі тұтынушының құжаттарын және қорытындыны уәкілетті органға береді;
6) уәкілетті орган құжаттарды тіркейді, қарайды және балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қабылдайды, хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ауылдық округ әкіміне, орталыққа жолдайды;
7) хабарламаны не бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушыға ауылдық округ әкімі немесе орталық береді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер
(өзара іс-қимылдар) тәртібінің сипаттамасы
12. Орталықта құжаттарды қабылдау "терезелер" арқылы жүзеге асырылады, оларда "терезелердің" мақсаты мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналасады, сонымен қатар осы Регламенттің 7-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.
Ауылдық округтің әкімі мен уәкілетті органның жауапты орындаушысының құжаттарды қабылдауы осы Регламенттің 7-тармағында көрсетілген мекен-жайлар бойынша жүзеге асырылады.
Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға:
1) уәкілетті органда немесе ауылдық округтің әкімінде - мемлекеттік қызметті тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегі және аты – жөні көрсетілген, құжаттардың тапсырылғанын растайтын талон беріледі;
2) орталықта:
өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
13. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды тапсырады:
1) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін белгіленген үлгідегі өтініш;
2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);
3) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) отбасының тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы не ауылдық округ әкімінің анықтамасы);
5) белгіленген үлгідегі отбасы құрамы туралы мәліметтер;
6) белгіленген үлгідегі отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәліметтер;
7) асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар) тиісті органның асырап алу немесе баланы қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алу туралы шешімінің үзінді көшірмесін ұсынады.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады. Балаларға арналған жәрдемақыны алу құқығы тоқсан сайын отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтерді бере отырып расталады.
Ата-анасының біреуі, қорғаншылары немесе қамқоршылары жәрдемақы тағайындау туралы жеке өтініш жасай алмайтын жағдайда, ата-аналар, қамқоршы немесе қорғаншы белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде, жәрдемақы тағайындау туралы өтінішпен баруға басқа адамдарға өкілеттік беруге құқылы.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
уәкілетті органның басшысы (1 ҚФБ);
уәкілетті органның әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау және төлеу секторының меңгерушісі (бұдан әрі – уәкілетті органның сектор меңгерушісі) (2 ҚФБ);
уәкілетті органның әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау және төлеу секторының маманы (бұдан әрі – уәкілетті органның сектор маманы) (3 ҚФБ);
Ақтоғай ауданы әкімінің шешімімен құрылған учаскелік комиссия (бұдан әрі – учаскелік комиссия) (4 ҚФБ);
тұтынушының тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкімі (5 ҚФБ);
тұтынушының тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкімі шешімімен құрылған учаскелік комиссия (бұдан әрі – ауылдық округ әкімінің учаскелік комиссиясы) (6 ҚФБ);
Баламалы қызмет көрсету үдерісіне қатысады:
уәкілетті органның басшысы (1 ҚФБ);
уәкілетті органның әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау және төлеу секторының меңгерушісі (бұдан әрі – уәкілетті органның сектор меңгерушісі) (2 ҚФБ);
уәкілетті органның әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау және төлеу секторының маманы (бұдан әрі – уәкілетті органның сектор маманы) (3 ҚФБ);
аудан әкімінің шешімімен құрылған учаскелік комиссия (бұдан әрі – учаскелік комиссия) (4 ҚФБ);
тұтынушының тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкімі (5 ҚФБ);
тұтынушының тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкімі шешімімен құрылған учаскелік комиссия (бұдан әрі – ауылдық округ әкімінің учаскелік комиссиясы) (6 ҚФБ);
орталықтың құжаттарды беру секторының инспекторы (7 ҚФБ);
орталықтың жинақтаушы секторының инспекторы (8 ҚФБ);
орталықтың инспекторы (9 ҚФБ).
15. Әрбір әкімшілік іс-әрекетінің (ресімінің) орындалу мерзімі көрсетілген әрбір ҚФБ-нің әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) дәйектілігі және өзара іс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі кезінде әкімшілік әрекеттердің логикалық кезектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схемалары осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі
17. Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген тәртіпте жауапты болады.
"18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға
мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау"
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
N |
Кент, село, селолық округ атауы |
Мекенжайы |
Телефон N |
1 |
Ақтоғай |
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы, Бөкейхан көшесі 11, "Ақтоғай селосы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі |
87103721044 |
2 |
Абай |
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Абай селолық округі, Абай көшесі 8, "Абай селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
87104123543 |
3 |
Айыртас |
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Айыртас селолық округі, "Айыртас селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
87104152433 |
4 |
Жидебай |
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Жидебай селолық округі, Жастар көшесі 1, "Жидебай селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
87103730074 |
5 |
Кежек |
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Кежек селолық округі, "Кежек селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
87104129721 |
6 |
Қараменде би |
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қараменде би селолық округі, "Қараменде би селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
87103730255 |
7 |
Қусақ |
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қусақ селолық округі, "Қусақ селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
87105952225 |
8 |
Қызыларай |
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қызыларай селолық округі, Сеңкібай би көшесі 37, "Қызыларай селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
87103724213 |
9 |
Қарабұлақ |
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қарабұлақ селолық округі, "Қарабұлақ селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
87105952943 |
10 |
Нүркен |
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Нүркен селолық округі, "Нүркен селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
87103723223 |
11 |
Ортадересін |
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ортадересін селолық округі, "Ортадересін селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
87103870240 |
12 |
Сарытерек |
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарытерек селолық округі, "Сарытерек селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
87103730358 |
13 |
Сарышаған |
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарышаған поселкесі, Абай көшесі 1, "Сарышаған поселкесі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
87103822253 |
14 |
Тасарал |
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Тасарал селолық округі, "Тасарал селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
87104126484 |
15 |
Тораңғалық |
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Тораңғалық селолық округі, "Тораңғалық селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
87103870032 |
16 |
Шабанбай би |
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шабанбай би селолық округі, "Шабанбай би селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
87103726218 |
17 |
Шашубай |
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шашубай кенті, Ж. Ақбергенұлы көшесі 16, "Шашубай кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
87103821257 |
"18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға
мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау"
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктер әрекеттердің сипаттамасы (негізгі үдеріс, 1-нұсқа)
Негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстардың барыстары, ағымдары) |
|||||
Әрекеттің N (жұмыстардың барыстары, ағымдары) |
1 ҚФБ Уәкілетті органның басшысы |
2 ҚФБ Уәкілетті органның сектор меңгерушісі |
3 ҚФБ Уәкілетті органның сектор маманы |
4 ҚФБ Учаскелік комиссия |
|
1 |
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау жөніндегі өтінім |
Барлық қажетті құжаттармен өтінішті қабылдайды, балаларға арналған жәрдемақыны ұсыну үшін өтініштерді есепке алу журналына тіркейді, тұтынушыға құжаттарды қабылдаған күні көрсетілген жыртпалы талон береді, тұтынушының отбасы материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссия тапсырмасы жобасын дайындайды |
|||
Аяқтау нысаны |
Өтінішті журналға тіркеу, тұтынушыға тіркеу талонын беру |
||||
Орындау мерзімі |
15 минут |
||||
2 |
Тексеріс жүргізуге тапсырма беру |
Тұтынушының отбасы материалдық жағдайына тексеріс жүргізу үшін учаскелік комиссияға тапсырма береді |
|||
Аяқтау нысаны |
Тұтынушының отбасы материалдық жағдайына тексеріс жүргізуге тапсырма |
||||
Орындау мерзімі |
1 жұмыс күні |
||||
3 |
Өтініш берушінің отбасы материалдық жағдайын тексеру |
Тапсырмаға сәйкес өтініш берушінің отбасы материалдық жағдайына тексеріс жүргізеді |
|||
Аяқтау нысаны |
Балаларға арналған жәрдемақы ұсынуға мұқтаждығы туралы тексеру актісі және қорытынды |
||||
Орындау мерзімі |
5 жұмыс күні |
||||
4 |
Учаскелік комиссияның қорытындысымен құжаттарды қабылдау |
Учаскелік комиссияның қорытындысымен құжаттарды қабылдау |
Учаскелік комиссияның қорытындысымен құжаттарды тапсыру |
||
Аяқтау нысаны |
Журналға тіркеу |
Учаскелік комиссияның тексеру актісі және қорытындысы |
|||
Орындау мерзімі |
15 минут |
15 минут |
|||
5 |
Балаларға арналған жәрдемақы есептеу және тағайындау рәсімі |
Ұсынылған құжаттар және учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау есебін жасайды және балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап |
|||
Аяқтау нысаны |
Жеке ісінің макеті |
||||
Орындау мерзімі |
1 жұмыс күні |
||||
6 |
Құжаттарды тексеру рәсімі |
Ұсынылған құжаттарды ресімдеуде толықтығы мен дұрыстығын тексереді, шешім жобасына қол қояды және жеке іс макетін уәкілетті органның басшысына береді |
|||
Аяқтау нысаны |
Жеке ісінің макеті |
||||
Орындау мерзімі |
1 жұмыс күні |
||||
7 |
Шешім қабылдау |
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және жұмысты жалғастыру үшін уәкілетті органның сектор маманына істі жолдайды |
|||
Аяқтау нысаны |
Орындалуға тиісті,бекітілген шешімі бар тұтынушының жеке ісі |
||||
Орындау мерзімі |
1 жұмыс күні |
||||
8 |
Қызметті тұтынушыны хабарландыру рәсімі |
Тұтынушыға балаларға арналған жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап |
|||
Аяқтау нысаны |
Хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап |
||||
Орындау мерзімі |
1 жұмыс күні |
Құрылымдық-функционалдық бірліктер іс-әрекеттерінің сипаттамасы (негізгі үдеріс, 2-нұсқа)
Негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстардың барыстары, ағымдары) |
||||||
Әрекеттің N (жұмыстардың барыстары, ағымдары) |
1 ҚФБ Уәкілетті органның басшысы |
2 ҚФБ Уәкілетті органның сектор меңгерушісі |
3 ҚФБ Уәкілетті органның сектор маманы |
5 ҚФБ Ауылдық округ әкімі |
6 ҚФБ Ауылдық округ әкімінің учаскелік комиссиясы |
|
1 |
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау жөнінде өтінім |
Барлық қажетті құжаттармен өтінішті қабылдайды, балаларға арналған жәрдемақыны ұсыну үшін өтініштерді есепке алу журналына тіркейді, тұтынушыға құжаттарды қабылдаған күні көрсетілген жыртпалы талон береді |
||||
Аяқтау нысаны |
Өтінішті журналда тіркеу, тұтынушыға тіркеу талонын беру |
|||||
Орындау мерзімі |
15 минут |
|||||
2 |
Тексеріс жүргізуге тапсырма беру |
Тұтынушының отбасы материалдық жағдайына тексеріс жүргізу үшін учаскелік комиссияға тапсырма береді |
||||
Аяқтау нысаны |
Тұтынушының отбасы материалдық жағдайына тексеру жүргізуге тапсырма |
|||||
Орындау мерзімі |
3 жұмыс күні |
|||||
3 |
Тұтынушының отбасы материалдық жағдайына тексеріс |
Тапсырмаға сәйкес өтініш берушінің отбасы материалдық жағдайына тексеріс жүргізеді |
||||
Аяқтау нысаны |
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға мұқтаждығы туралы тексеру актісі және қорытынды |
|||||
Орындау мерзімі |
5 жұмыс күні |
|||||
4 |
Уәкілетті орган секторының маманына тұтынушының ресімделген ісінің макетін тапсыру |
Уәкілетті органға өтінішті барлық қажетті құжаттармен және учаскелік комиссияның қорытындысымен тапсырады |
||||
Аяқтау нысаны |
Балаларға арналған жәрдемақыны ұсынуға өтініштерді есепке алу журналына тіркеу |
|||||
Орындау мерзімі |
Өтінішті тіркеу уақытынан бастап 20 күнтізбелік күннен аспайды |
|||||
5 |
Ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдау |
Өтінішті барлық қажетті құжаттармен және учаскелік комиссияның қорытындысымен қабылдайды және балаларға арналған жәрдемақы ұсынуға өтініштерді есепке алу журналына тіркейді |
||||
Аяқтау нысаны |
Балаларға арналған жәрдемақы ұсынуға өтініштерді есепке алу журналына тіркеу |
|||||
Орындау мерзімі |
15 минут |
|||||
6 |
Балаларға арналған жәрдемақы есептеу және тағайындау рәсімі |
Ұсынылған құжаттар және учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау есебін жасайды және балаларға арналған жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім жобасын дайындайды |
||||
Аяқтау нысаны |
Жеке ісінің макеті |
|||||
Орындау мерзімі |
2 жұмыс күні |
|||||
7 |
Құжаттарды тексеру рәсімі |
Ұсынылған құжаттарды ресімдеуде толықтығы мен дұрыстығын тексереді, шешім жобасына бұрыштама қояды және жеке іс макетін уәкілетті органның басшысына береді |
||||
Аяқтау нысаны |
Жеке ісінің макеті |
|||||
Орындау мерзімі |
1 жұмыс күні |
|||||
8 |
Шешім қабылдау |
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және жұмысты жалғастыру үшін уәкілетті органның сектор маманына істі жолдайды |
||||
Аяқтау нысаны |
Орындалуға тиісті, бекітілген шешімі бар тұтынушының жеке ісі |
|||||
Орындау мерзімі |
1 жұмыс күні |
|||||
9 |
Хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап рәсімі |
Қызметті тұтынушыны балаларға арналған жәрдемақы тағайындау жөнінде хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап |
||||
Аяқтау нысаны |
Хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап |
|||||
Орындау мерзімі |
3 жұмыс күні |
Құрылымдық-функционалдық бірліктер іс-әрекеттерінің сипаттамасы (баламалы үдеріс)
Баламалы үдерістің іс-әрекеттері (жұмыстардың барыстары, ағындары) |
||||
Iс-әрекет N (жұмыстардың барыстары, ағындары) |
1 ҚФБ Уәкілетті органның басшысы |
2 ҚФБ Уәкілетті органның сектор меңгерушісі |
3 ҚФБ Уәкілетті органның сектор маманы |
|
1 |
Балаларға арналған жәрдемақы тағайындау жөнінде өтінім |
|||
Аяқтау нысаны |
||||
Орындау мерзімі |
||||
2 |
Уәкілетті органға құжаттарды беру рәсімі |
|||
Аяқтау нысаны |
||||
Орындау мерзімі |
||||
3 |
Уәкілетті органда балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға құжаттарды қабылдау және тіркеу рәсімі |
Өтініштерді барлық қажетті құжаттармен бірге тізілім бойынша қабылдайды, балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға өтініштерді есепке алу журналына тіркейді |
||
Аяқтау нысаны |
Өтінішті журналға тіркеу |
|||
Орындау мерзімі |
15 минут |
|||
4 |
Тексеріс жүргізуге тапсырма беру |
Тұтынушының отбасы материалдық жағдайына тексеріс жүргізу үшін учаскелік комиссияға тапсырма береді |
||
Аяқтау нысаны |
Тұтынушының отбасы материалдық жағдайына тексеріс жүргізуге тапсырма |
|||
Орындау мерзімі |
1 жұмыс күні |
|||
5 |
Тұтынушының отбасы материалдық жағдайын тексеру |
|||
Аяқтау нысаны |
||||
Орындау мерзімі |
||||
6 |
Учаскелік комиссияның қорытындысымен құжаттарды қабылдау |
Учаскелік комиссияның қорытындысымен құжаттарды қабылдау |
||
Аяқтау нысаны |
Журналға тіркеу |
|||
Орындау мерзімі |
15 минут |
|||
7 |
Балаларға арналған жәрдемақы тағайындауды есептеу және тағайындау рәсімі |
Ұсынылған құжаттар және учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау есебін жасайды және балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім жобасын дайындайды |
||
Аяқтау нысаны |
Жеке ісінің макеті |
|||
Орындау мерзімі |
1 жұмыс күні |
|||
8 |
Құжаттарды тексеру рәсімі |
Ұсынылған құжаттарды ресімдеуде толықтығы мен дұрыстығын тексереді, шешім жобасына қол қояды және жеке іс макетін уәкілетті органның басшысына береді |
||
Аяқтау нысаны |
Жеке ісінің макеті |
|||
Орындау мерзімі |
1 жұмыс күні |
|||
9 |
Шешім қабылдау |
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және жұмысты жалғастыру үшін уәкілетті органның сектор маманына істі жібереді |
||
Аяқтау нысаны |
Бекітілген шешімімен, орындалуға тиісті жеке ісі |
|||
Орындау мерзімі |
1 жұмыс күні |
|||
10 |
Хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап рәсімі |
Балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және орталыққа береді |
||
Аяқтау нысаны |
Хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап |
|||
Орындау мерзімі |
1 жұмыс күні |
|||
11 |
Уәкілетті органнан хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауапты қабылдау рәсімі |
|||
Аяқтау нысаны |
||||
Орындау мерзімі |
||||
12 |
Хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап рәсімі |
|||
Аяқтау нысаны |
||||
Орындау мерзімі |
Баламалы үдерістің іс-әрекеттері (жұмыстардың барыстары, ағындары) |
||||
4 ҚФБ |
7 ҚФБ |
8 ҚФБ |
9 ҚФБ |
|
1 |
Өтінішті барлық қажетті құжаттармен қабылдайды, журналға тіркейді және тұтынушыға қолхат береді |
|||
Өтінішті журналда тіркеу, тұтынушыға қолхат беру |
||||
15 минут |
||||
2 |
Инспектордан құжаттарды қабылдау, тізілім құру, құжаттарды уәкілетті органға беру |
Орталықтың жинақтау секторына құжаттарды беру |
||
тізілім |
тізілім |
|||
1 жұмыс күн |
15 мин |
|||
3 |
||||
4 |
||||
5 |
Тапсырмаға сәйкес тұтынушының отбасы материалдық жағдайына тексеріс жүргізеді |
|||
Балаларға арналған жәрдемақыны ұсынуға мұқтаждығы туралы тексеру актісі және қорытынды |
||||
5 жұмыс күні |
||||
6 |
Учаскелік комиссияның қорытындысымен құжаттарды тапсыру |
|||
Учаскелік комиссияның тексеру актісі және қорытындысы |
||||
15 минут |
||||
7 |
||||
8 |
||||
9 |
||||
10 |
||||
11 |
Хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауапты қабылдайды және құжаттарды беру секторына береді |
|||
Тізілім |
||||
15 мин |
||||
12 |
Жинақтаушы секторынан хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауапты қабылдайды және тұтынушыға береді |
|||
Хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу және беру |
||||
15 минут |
2-кесте. Пайдалану нұсқасы. Негізгі үдеріс (1-нұсқа)
1 ҚФБ |
2 ҚФБ |
3 ҚФБ |
4 ҚФБ |
N 2 іс-әрекет |
N 6 іс-әрекет |
N 1 іс-әрекет |
N 3 іс-әрекет |
N 7 іс-әрекет |
N 4 іс-әрекет |
N 4 іс-әрекет |
|
N 5 іс-әрекет |
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс (2-нұсқа)
1 ҚФБ |
2 ҚФБ |
3 ҚФБ |
СФЕ 5 |
СФЕ 6 |
N 8 әрекет |
N 7 әрекет |
N 5 әрекет |
N 1 әрекет |
N 3 әрекет |
N 6 әрекет |
N 2 әрекет |
|||
N 9 әрекет |
N 4 әрекет |
2-кесте. Пайдалану нұсқасы. Баламалы үдеріс
1 ҚФБ |
2 ҚФБ |
3 ҚФБ |
4 ҚФБ |
N 4 іс-әрекет |
N 8 іс-әрекет |
N 3 іс-әрекет |
N 5 іс-әрекет |
N 9 іс-әрекет |
N 6 іс-әрекет |
N 6 іс-әрекет |
|
N 7 іс-әрекет |
|||
N 10 іс-әрекет |
кестенің жалғасы
7 ҚФБ |
8 ҚФБ |
9 ҚФБ |
N 12 іс-әрекет |
N 2 іс-әрекет |
N 1 іс-әрекет |
N 11 іс-әрекет |
N 2 іс-әрекет |
|
"18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға
мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау"
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
3-қосымша
Функционалдық өзара іс-қимыл схемалары.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі үдерісі (1-нұсқа)
Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі үдерісі (2-нұсқа)
Мемлекеттік қызмет көрсетудің үдерісі – баламалы нұсқа