Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қызыларай селолық округі әкімінің 26.12.2013 N 02 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қызыларай селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қызыларай селолық округінің "Дәнбай" қыстағы аумағында мүйізді ірі қара және ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез және сиырдың вирустық диареясы, жұқпалы ринотрахеит ауруларының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызыларай селолық округінің әкімі Р.Б. Абеуов