Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қызыларай селолық округінің "Дәнбай" қыстағы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қызыларай селолық округі әкімінің 2013 жылғы 17 мамырдағы N 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 мамырда N 2330 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қызыларай селолық округі әкімінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы N 02 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қызыларай селолық округі әкімінің 26.12.2013 N 02 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қызыларай селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қызыларай селолық округінің "Дәнбай" қыстағы аумағында мүйізді ірі қара және ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез және сиырдың вирустық диареясы, жұқпалы ринотрахеит ауруларының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызыларай селолық округінің әкімі          Р.Б. Абеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады