"Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 наурыздағы N 13/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 сәуірде N 2297 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі N 31/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 30.04.2013 N 31/01 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген білім беру саласындағы "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаарқа ауданының әкімінің орынбасары Марат Жандаулетұлы Жандаулетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ғ. Омаров

Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 5 наурыздағы
N 13/02 қаулысымен
бекітілген

" Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті

1. Негізгі түсініктер

      1. Осы "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу" (бұдан әрі - Регламент) мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде келесідей негізгі түсініктер қолданылады:
      1) құрылымдық-функционалдық бірліктер (ҚФБ) - уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың қосалқы жүйелері;
      2) мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлға;
      3) уәкілетті орган – "Жаңаарқа ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттік қызмет "Жаңаарқа ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) (байланыс мәліметтері осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген) көрсетіледі.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 124 – 125-баптарының, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) беру не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабын ұсыну болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы Регламенттің 910-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күнді (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;
      2) өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күту уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды;
      3) өтiнiш берген күнi сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға көрсетiлетiн қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органға жүгінген кезде:
      1) демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі;
      2) қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара әрекет) тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
      1) жеке тұлғаның уәкілетті орган бастығының атына өзінің қорғаншы (қамқоршы) болуға ниеті туралы өтініші еркін нысанда ресімделеді;
      2) егер қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адам некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;
      3) егер қорғаншы (қамқоршы), тәрбиеші болуға ниет білдірген адам некеде тұрған болса, мемлекеттік қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
      4) осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адамның және некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды;
      5) егер мемлекеттік қызметті алушы некеде тұрмаған болса, нотариалды расталған анықтама;
      6) мемлекеттік қызметті алушының өмірбаяны еркін нысанда ресімделеді;
      7) мемлекеттік қызметті алушыға жұмыс орнынан берілген мінездеме;
      8) жұмыс орнынан анықтама;
      9) жалақысы туралы анықтама;
      10) тұрғылықты жерінен анықтама;
      11) некеде тұратыны туралы куәлік (некеде тұрған болса);
      12) мемлекеттік қызметті алушының және оның жұбайының (зайыбының) сотталмағаны туралы анықтама.
      Аталған құжаттарды тапсырғаннан кейін баланы тәрбиелеуге үміткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша акт дайындалады.
      10. Бұдан басқа, заңнамаға сәйкес қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) берілетін әр бала үшін қорғаншылық (қамқоршылық) ресімдеуге ниет білдірген адам мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) мектеп әкімшілігі растаған баланың келісімі (егер бала 10 жастан асса);
      2) баланың туу туралы куәлігі;
      3) баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және баланың даму тарихынан үзінді;
      4) ата-анасы туралы құжаттар (қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі, сот үкімі немесе шешімі, ата-анасының ауруы немесе іздестірілуі туралы анықтама, бала некеде тумаған жағдайда N 4 нысандағы анықтама);
      5) баланың білім алу орнынан анықтама;
      6) зейнетақы алатын балаларға зейнетақы кітапшасы, алименттерді өндіріп алу туралы сот шешімінің көшірмесі;
      7) аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың орналасқан жерлері туралы анықтама;
      8) тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы құжаттар.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен қоса беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.
      11. Барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат беріледі, онда мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетіледі.
      12. Анықтама мемлекеттік қызметті алушының жеке қатысуымен беріледі.
      Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды алуға мерзімінде бармаған жағдайларда уәкілетті орган дайын анықтамалар мен қаралған құжаттардың екі ай сақталуын жүзеге асырады.
      13. Уәкілетті орган:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы Регламенттің 910-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған;
      2) қызмет көрсету үшін шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарда жалған немесе бұрмаланған мәліметтер анықталған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде келесідей құрылымдық функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
      1) Жаңаарқа ауданының әкімі;
      2) уәкілетті органның басшылығы;
      3) уәкілетті органның маманы.
      15. Әрбір ҚФБ әкімшілік әрекеттің орындау мерзімі көрсетіліп әрбір әкімшілік әрекеттерінің реттілігі мен өзара әрекетін мәтіндік кестелік сипаттау осы Регламентке 4 қосымшада көрсетілген.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде және ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысын көрсететін сызба осы Регламентке 5 қосымшада көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      17. Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлға болып уәкілетті органның басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлға) болып табылады.
      Лауазымды тұлға мемлекеттік қызметтің белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес көрсетілу сапасына және оны іске асыруға жауапты болады.

" Жетiмдердi, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларды әлеуметтiк
қамсыздандыруға арналған
құжаттарды ресiмдеу"
мемлекеттiк қызмет көрсету
регламентіне
1-қосымша

" Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша уәкілетті органның байланыс мәліметтері

Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша функцияны іске асыратын уәкілетті органның атауы

Орналасқан жері, мекенжайы, электрондық мекенжайы

Байланыс телефоны

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

"Жаңаарқа ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі

100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, С. Сейфуллин көшесі, 14 ghanaarka_raioo@mail.ru

тел. 8 (71030) 27498, 28445

Күн сайын сағат демалыс (сенбі, жексенбі) және мерекелік күндерді қоспағанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.

"Жетiмдердi, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларды әлеуметтiк
қамсыздандыруға арналған
құжаттарды ресiмдеу"
мемлекеттiк қызмет
көрсету регламентіне
2-қосымша

Жаңаарқа ауданы әкімдігінің қаулысына
қосымшадан үзінді

Жаңаарқа ауданы __________ 20__жылғы " ___ " _________ N _____

               Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 120 және 121-баптарына сәйкес, (Т.А.Ә.) _________________ өтініші және "Жаңаарқа ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құжаттары негізінде ___________________ Жаңаарқа ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленсін

Р/с N

Қорғаншы (қамқоршы)

Қорғаншылыққа алынушы

Қорғаншылық пен қамқоршылықты ресiмдеу негiзi


Т.А.Ә.

Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған баланың Т.А.Ә., туған жылы


      2. Қолда бар тұрғын үй ____________________________ бекітіліп берілсін.

Жаңаарқа ауданының әкімі _____________ қолы (Т.А.Ә.)

М.О.

" Жетiмдердi, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларды әлеуметтiк
қамсыздандыруға арналған
құжаттарды ресiмдеу"
мемлекеттiк қызмет көрсету
регламентіне
3-қосымша

Жолдама
Қамқоршының (бала асырап алушының) денсаулық жағдайы туралы
қорытынды

Т.А.Ә._____________________________________________________________
Туған жылы ________________________________________________________
Үйінің мекенжайы __________________________________________________
Психиатр __________________________________________________________
Нарколог __________________________________________________________
Дерматовенеролог __________________________________________________
Кеуде қуысының рентгеноскопиясы ___________________________________
Терапевт __________________________________________________________
Қорытынды _________________________________________________________

" Жетiмдердi, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларды әлеуметтiк
қамсыздандыруға арналған
құжаттарды ресiмдеу"
мемлекеттiк қызмет көрсету
регламентіне
4-қосымша

Әрбір әкімшілік іс-әрекетінің орындалу мерзімін көрсете отырып әр ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттер реттілігінің және өзара әрекетінің мәтіндік кестелік сипаттамасы

      1-кесте. ҚФБ әрекеттерін сипаттау

Негізгі үдерістің әрекеті (жұмыстың барысы, ағымы)

Әрекет N (жұмыстың барысы, ағымы)

1

2

3

4

5

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның маманы

Уәкілетті органның басшылығы

Уәкілетті органның маманы

Жаңаарқа ауданының әкімі

Уәкілетті органның маманы

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қарастыру

Құжаттарды қарастыру және анықтаманы не дәлелді бас тартуды әзірлеу

Анықтамаға қол қою


Аяқталу формасы (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Уәкілетті органның басшылығына қарар қою үшін ұсыну

Қарар қою, орындау үшін маманға ұсыну

Дәлелді бас тартуды немесе анықтаманы басшылыққа қол қоюға тапсыру

Анықтаманы уәкілетті органға тапсыру

Анықтаманы мемлекеттік қызмет алушыға беру




Анықтаманы аудан әкіміне қол қоюға енгізу



Орындау мерзімі

20 минут

20 минут

27 күнтізбелік күн

1 күнтізбелік күн

1 күнтізбелік күн

      2-кесте. Қолдану нұсқалары. Негізгі үдеріс

Уәкілетті органның маманы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның маманы

Жаңаарқа ауданының әкімі

Уәкілетті органның маманы

1. Құжаттарды қабылдау және тіркеу

3. Құжаттарды қарастыру

5. Құжаттарды қарастыру және анықтаманы не дәлелді бас тартуды әзірлеу

8. Анықтамаға қол қою

10. Анықтаманы мемлекеттік қызмет алушыға беру

2. Уәкілетті органның басшылығына ұсыну

4. Қарар қою, орындау үшін маманға құжаттарды тапсыру

6. Дәлелді бас тартуды немесе анықтаманы басшылыққа қол қоюға тапсыру

9. Анықтаманы уәкілетті органға тапсыру




7. Анықтаманы аудан әкіміне қол қоюға енгізу



" Жетiмдердi, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларды әлеуметтiк
қамсыздандыруға арналған
құжаттарды ресiмдеу"
мемлекеттiк қызмет көрсету
регламентіне
5-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ҚФБ және әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін кесте

Об утверждении регламента оказания государственной услуги "Оформление документов на социальное обеспечение сирот, детей, оставшихся без попечения родителей"

Постановление акимата Жанааркинского района Карагандинской области от 5 марта 2013 года N 13/02. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 12 апреля 2013 года N 2297. Утратило силу постановлением акимата Жанааркинского района Карагандинской области от 30 апреля 2013 года N 31/01

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Жанааркинского района Карагандинской области от 30.04.2013 N 31/01.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах", от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2012 года N 1119 "Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых Министерством образования и науки Республики Казахстан, местными исполнительными органами в сфере образования и науки", акимат Жанааркинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый регламент оказания государственной услуги "Оформление документов на социальное обеспечение сирот, детей, оставшихся без попечения родителей".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Жанааркинского района Жандаулетова Марата Жандаулетовича.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                Г. Омаров

Утверждено
постановлением
акимата Жанааркинского района
от 5 марта 2013 года
N 13/02

Регламент оказания государственной услуги
"Оформление документов на социальное обеспечение сирот, детей, оставшихся без попечения родителей"

1. Основные понятия

      1. В настоящем регламенте оказания государственной услуги "Оформление документов на социальное обеспечение сирот, детей, оставшихся без попечения родителей" (далее – Регламент) используются следующие основные понятия:
      1) структурно-функциональные единицы (СФЕ) - ответственные лица уполномоченных органов, структурные подразделения государственных органов, государственные органы, информационные системы или их подсистемы;
      2) получатель государственной услуги - физическое лицо;
      3) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел образования, физической культуры и спорта Жанааркинского района".

2. Общие положения

      2. Государственная услуга оказывается государственным учреждением "Отдел образования, физической культуры и спорта Жанааркинского района" (далее - уполномоченный орган), (контактные данные указаны в приложении 1 к настоящему Регламенту).
      3. Форма оказываемой государственной услуги: не автоматизированная.
      4. Государственная услуга осуществляется на основании статей 124125 Кодекса Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года "О браке (супружестве) и семье", постановления Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2012 года N 1119 "Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых Министерством образования и науки Республики Казахстан, местными исполнительными органами в сфере образования и науки".
      5. Результатом оказания государственной услуги являются выдача справки об установлении опеки (попечительства) над несовершеннолетними детьми, оставшимися без попечения родителей (далее – справка) согласно приложению 2 к настоящему Регламенту, либо мотивированный отказ в предоставлении услуги.

3. Требования к порядку оказания государственной услуги

      6. Сроки оказания государственной услуги:
      1) с момента сдачи получателем государственной услуги необходимых документов, определенных в пунктах 910 настоящего Регламента (день приема и день выдачи документов не входит в срок оказания государственной услуги), составляют тридцать календарных дней;
      2) максимально допустимое время ожидания до получения государственной услуги, оказываемой на месте в день обращения, – не более 20 минут;
      3) максимально допустимое время обслуживания получателя государственной услуги, оказываемой на месте в день обращения, – не более 20 минут.
      7. Государственная услуга оказывается бесплатно.
      8. Государственная услуга предоставляется при обращении в уполномоченный орган:
      1) в соответствии с установленным графиком работы с 09.00 часов до 18.00 часов, с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.00 часов, за исключением выходных и праздничных дней;
      2) прием осуществляется в порядке очереди без предварительной записи и ускоренного обслуживания.

4. Описание порядка действия (взаимодействия) в процессе оказания государственной услуги

      9. Для получения государственной услуги получателю необходимо представить следующие документы в уполномоченный орган:
      1) заявление получателя государственной услуги на имя начальника уполномоченного органа о своем желании быть опекуном (попечителем), которое оформляется в произвольной форме;
      2) согласие супруга(-и), нотариально заверенное, если лицо, желающее быть опекуном (попечителем), состоит в браке;
      3) оригинал и копию удостоверения личности получателя государственной услуги и супруга(-и), если лицо, желающее быть опекуном (попечителем), воспитателем, состоит в браке;
      4) медицинское заключение о состоянии здоровья лица, желающего стать опекуном (попечителем), и супруга(-и), если лицо, желающее быть опекуном (попечителем), воспитателем, состоит в браке согласно приложению 3 к настоящему Регламенту;
      5) нотариально заверенную справку, если получатель государственной услуги не состоит в браке;
      6) автобиографию получателя государственной услуги, оформленную в произвольной форме;
      7) характеристику получателя государственной услуги, выданную с места работы;
      8) справку с места работы;
      9) справку о заработной плате;
      10) справку с места жительства;
      11) свидетельство о заключении брака (если состоит в браке);
      12) справку об отсутствии судимости получателя государственной услуги и его супруга(-и).
      После представления данных документов проводится обследование жилищно-бытовых условий лица, претендующего на воспитание ребенка, по итогам которого готовится акт.
      10. Кроме того, согласно законодательству, на каждого ребенка, передаваемого под опеку (попечительство), лицо, желающее оформить опеку (попечительство), представляет следующие документы:
      1) согласие ребенка, заверенное администрацией школы (если ребенок старше 10 лет);
      2) свидетельство о рождении ребенка;
      3) медицинскую справку о состоянии здоровья ребенка и выписку из истории развития ребенка;
      4) документы о родителях (копия свидетельства о смерти, приговор или решение суда, справка о болезни или розыске родителей, справка по форме N 4, в случае рождения ребенка вне брака);
      5) справку с места учебы ребенка;
      6) пенсионную книжку на детей, получающих пенсию, копию решения суда о взыскании алиментов;
      7) сведения о братьях и сестрах и их местонахождении;
      8) документы о наличии или отсутствии жилья у ребенка.
      Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники возвращаются получателю государственной услуги.
      11. При сдаче всех необходимых документов получателю государственной услуги выдается расписка о получении всех документов, в которой содержится дата получения государственной услуги.
      12. Справка выдается при личном обращении получателя государственной услуги.
      В случаях, если получатель государственной услуги не обратился за получением документов в срок, уполномоченный орган осуществляет хранение готовых справок и рассмотренных документов в течение двух месяцев.
      13. Уполномоченным органом будет отказано в приеме документов:
      1) в случае представления получателем государственной услуги неполного пакета документов, указанных в пунктах 910 настоящего Регламента;
      2) выявления недостоверных или искаженных сведений в документах, необходимых для принятия решения о предоставлении услуги.
      14. В процессе оказания государственной услуги участвуют следующие структурно-функциональные единицы (далее - СФЕ):
      1) аким Жанааркинского района;
      2) руководство уполномоченного органа;
      3) специалист уполномоченного органа.
      15. Текстовое табличное описание последовательности и взаимодействия административных действий каждой СФЕ с указанием срока выполнения каждого административного действия приведено в приложении 4 к настоящему Регламенту.
      16. Схема, отражающая взаимосвязь между логической последовательностью административных действий в процессе оказания государственной услуги и СФЕ, приведена в приложении 5 к настоящему Регламенту.

5. Ответственность должностных лиц, оказывающих государственные услуги

      17. Ответственным лицом за оказание государственной услуги является руководитель уполномоченного органа (далее - должностное лицо).
      Должностное лицо несет ответственность за качество и реализацию оказания государственной услуги в установленные сроки в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Приложение 1
к регламенту оказания
государственной услуги
"Оформление документов на
социальное обеспечение сирот,
детей, оставшихся без
попечения родителей"

Контактные данные уполномоченного органа по оказанию государственной услуги "Оформление документов на социальное обеспечение сирот, детей, оставшихся без попечения родителей"

Наименованиеуполномоченного органа,осуществляющего функции по оказаниюгосударственной услуги

Месторасположение,адрес, электронный адрес

Контактный телефон

График работы

1

2

3

4

Государственное учреждение "Отдел образования, физической культуры и спорта Жанааркинского района"

100500, Карагандинская область, Жанааркинский район, поселок Атасу, улица С. Сейфуллина, 14 ghanaarka_raioo@mail.ru

8 (71030) 27498, 28445

Ежедневно с 09.00 часов до 18.00 часов, с обеденным перерывом с 13.00 часов до 14.00 часов, кроме выходных (суббота, воскресенье) и праздничных дней

Приложение 2
к регламенту оказания
государственной услуги
"Оформление документов на
социальное обеспечение сирот,
детей, оставшихся без
попечения родителей"

Выписка из приложения к постановлению акимата Жанааркинского района

Жанааркинский район N ___________ от "_____" ________ 20 __ года

Об установлении опеки (попечительства)

      В соответствии со статьями 120 и 121 Кодекса Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года "О браке (супружестве) и семье", на основании заявления (Ф.И.О.) _______________________ и документов государственного учреждения "Отдел образования, физической культуры и спорта Жанааркинского района" акимат Жанааркинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить опеку (попечительство) над несовершеннолетними детьми, оставшимися без попечения родителей, согласно приложению

N
п/п

Опекун (попечитель)

Опекаемый

Основание оформления опеки и попечительства


Ф.И.О.

Ф.И.О., год рождения опека (попечительство)


      2. Закрепить имеющееся жилье за _______________________________

Аким Жанааркинского района ________________ подпись (Ф.И.О.)

М.П.

Приложение 3
к регламенту оказания
государственной услуги
"Оформление документов на
социальное обеспечение сирот,
детей, оставшихся без
попечения родителей"

Направление
Заключение о состоянии здоровья опекуна (усыновителя)

      Ф.И.О._________________________________________________________
      Год рождения __________________________________________________
      Домашний адрес ________________________________________________
      Психиатр ______________________________________________________
      Нарколог ______________________________________________________
      Дерматовенеролог ______________________________________________
      Рентгеноскопия грудной клетки _________________________________
      Терапевт ______________________________________________________
      Заключение ____________________________________________________

Приложение 4
к регламенту оказания
государственной услуги
"Оформление документов на
социальное обеспечение сирот,
детей, оставшихся без
попечения родителей"

Текстовое табличное описание последовательности и взаимодействия административных действий каждой СФЕ с указанием срока выполнения каждого административного действия

      Таблица 1. Описание действий СФЕ

Действия основного процесса (хода, потока работ)

N действия (хода, потока работ)

1

2

3

4

5

Наименование СФЕ

Специалист уполномоченного органа

Руководство уполномоченного органа

Специалист уполномоченного органа

Аким Жанааркинского района

Специалист уполномоченного органа

Наименование действия (процесса, процедуры, операции) и их описание

Прием и регистрация документов

Рассмотрение документов

Рассмотрение документов и подготовка справки или мотивированного отказа

Подписание справки


Форма завершения (данные, документ, организационно-распорядительное решение)

Направление документов руководству для наложения резолюции

Наложение резолюции,передача документов на исполнение специалисту

Передача мотивированного отказа на подписание руководству или передача справки

Передача справки в уполномоченный орган

Выдача справки получателю государственной услуги




Внесение справки акиму района на подпись



Сроки исполнение

20 минут

20 минут

27 календарных дней

1 календарный день

1 календарный день

      Таблица 2. Варианты использования. Основной процесс

Основной процесс (ход, поток работ)

Специалист уполномоченного органа

Руководство уполномоченного органа

Специалист уполномоченного органа

Аким Жанааркинского района

Специалист уполномоченного органа

1. Прием и регистрация документов

3. Рассмотрение документов

5. Рассмотрение документов и подготовка справки или мотивированного отказа

8. Подписание справки

10. Выдача справки получателю государственной услуги

2. Предоставление руководству уполномоченного органа

4. Наложение резолюции,передача документов на исполнение специалисту

6. Передача мотивированного отказа или справки на подписание руководству

9. Передача справки в уполномоченный орган




7. Внесение справки акиму района на подпись



Приложение 5
к регламенту оказания
государственной услуги
"Оформление документов на
социальное обеспечение сирот,
детей, оставшихся без
попечения родителей"

Схема, отражающая взаимосвязь между логической последовательностью административных действий в процессе оказания государственной услуги и СФЕ