Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, Ұлытау ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшiн меншік нысанына қарамастан, жұмыс орындарының жалпы санының бiр пайызы мөлшерiнде жұмыс орындарына квота белгiленсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау ауданы әкiмiнiң орынбасары Акишбеков Берик Базыловичке жүктелсiн.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Ұлытау ауданының әкiмi | А. Омаров |