Интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі N 08/23 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 сәуірде N 2320 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 18/05 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімдігінің 22.06.2016 № 18/05 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, Ұлытау ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшiн меншік нысанына қарамастан, жұмыс орындарының жалпы санының бiр пайызы мөлшерiнде жұмыс орындарына квота белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау ауданы әкiмiнiң орынбасары Акишбеков Берик Базыловичке жүктелсiн.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Ұлытау ауданының әкiмi
А. Омаров

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады